Басшылық

Раимбек Ануарұлы Баталов

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы

1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясының «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша оқу бітірген. 90-шы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.

1992 жылы бүгіндері табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналып отырған, «Раимбек» сауда фирмасын құрды.

«Біздің стратегиямыз бар, біз дүркін-дүркін туып отыратын дағдарыстар мен күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, жетіліп келеміз. Менеджментте табыскерлік-үдерісті оңтайландыру және оларды автоматтандыруға үлкен мән береміз. Бір қарағанда түсінікті сияқты. Бірақ, білу бір бөлек. Оны жүзеге асыру бір бөлек. Бұл екі түрлі тәсілдеме. Жүзеге асыру – қашанда ең күрделісі», - дейді Райымбек Баталов.

Қазақстанда Раимбек Баталов табысты кәсіпкер ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғам қайраткері ретінде де танымал.

2002 жылдан Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің төрағасы.

2005 жылдан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінде қазақстандық ұлттық бөлімін басқарады.

2007 жылдан – ҚР мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі.

2009 жылдан – Қазақстанның су астында жүзу спорты федерациясының президенті.

2010 жылдан – ҚР премьер-министрінің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің мүшесі. Сондай ақ, ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесіне және Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасына кіреді.

2012 жылдан Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) кәсіпкерлік жөніндегі Кеңес комитетінің тәуелсіз сарапшысы.

2015 жылы Қазақстандық велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды.

Велоспорт, үлкен теннис, тау шаңғысымен шұғылданады. Жас кезінде су астында жүзумен кәсіби айналысқан.

Үйленген, үш ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр.

Раимбек Баталов

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы