Михаил Чубисов

Қаражат бойынша кеңесші
Михаил Чубисов

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар топтамасы.

 «ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУ ЕШҚАШАН  ДА КЕШ ЕМЕС»

Михаил Чубисов – Raimbek  компаниясының байырғы қызметкері. Білімі бойынша теоретик-физик, ғылым кандидаты. Бұл адам осыдан 20 жыл бұрын ол кез үшін озық болып саналатын математикалық үлгілеу технологиясын компанияға әкелген болатын.

- Михаил Александрович, сіз Raimbek компаниясында қалай пайда болдыңыз?

- Мен компанияға 1997 жылдың ақпан айында келген болатынмын. Ол кезде ядролық физика Институтында ғылыми дәрежені табысты қорғап үлгерген едім, ал қайта құрудан соң, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп жүрдім. Raimbek-ке мені бұрын бірге қызметтес болған адам шақырды.

Raimbek-тегі жұмыс мені міндеттерінің ауқымдылығымен қызықтырды. Сол тоқсаныншы жылдардың өзінде, компания өз алдына жергілікті нарықта ірі өндіріс ашу туралы өршіл мақсаттар қойған. Мәселе шырындар мен UHT-сүтін шығару туралы еді.  Ал мен ол кезде бизнес-жобалаудың компьютерлік үлгісін жасау жағынан айтарлықтай тәжірибе жинағанмын. Сол себепті де, өз білімімді ірі нысандарда пайдаланып көргім келді. Алдында, бұрын жұмыс істеген компанияда, мен депозитарийді басқарған болатынмын, брокерлер курсын тәмамдап, американдықтардан бизнесті бағалауды да үйреніп алдым. Бұл сала маған ұнайтын.

Осындай бірегей маман физиктен қалай шығады

Мен Томск мемлекеттік университетін бітірдім, білімім бойынша теоретик-физикпін. Физфак, теориялық физика, «қатты дене физикасы» мамандығы. Ядролық физика Институтында есептеу экспериментімен: компьютерлік үлгі жасау,  сәуленің зат арқылы өтуін есептеумен айналыстым. Ал салыстырмалы түрде алсақ, ақша ағымын көшіру, компьютердегі физикалық құбылысты үлгілеуге қарағанда әлде қайда оңай. Содан, ұқсас тәжірибені енді осы жерде, экономикада пайдаланып көру қызық болды.

Шын мәнінде,  мен жаңа орнымда қаржылық жобалау мәселесімен айналыстым. Бұл бизнес-жобалар мен қаржы үлгісін құру және өңдеу. Соңғысы – жай ғана бухгалтерлік есеп беру емес. Шын мәнінде, өндіріс технологияға байланысты салынады, кәсіпорынды құру мен дайын өнімді базарға сатуға дейінгі барлық тізбегі есептелінеді.

Тоқсаныншы жылдары біздің зертханалардан шет елге кетіп қалған жастар, физик-ғалымдар,  әлі күнге дейін компьютерлік үлгілеу тақырыбымен айналысуда. Олар өздерімен бірге осы тақырыптарды алып кетті, олар өздерімен бірге дайын диссертацияларды әкетіп, қазір табысты жұмыс істеп жатыр. Ол кезде адамдар неге кетіп қалды? Сүйікті ғылымды мен неге тастап кеттім?

Ол кезде, теоретик-ғалым үшін өте қиын болды, мәселе сонда. Ғылым – кез келген кідіріс шет елдік серіктестерден кейін қалуға апарып соғатын, бейсауаттық іркілуге болмайтын үзіліссіз нәрсе. Бізде ғылыми журналдар да, кітаптар да болмады, ал елімізде, оны біз үшін сатып әперетін қаржы табылмады. Іс сапарға шығатын да жағдай болмады...

Егер де, теориялық физика тақырыбымен  2 – 3 жыл  тиісті айналыспасаң, қарайып қаласың, ал қалай болса солай айналысу – менің қанымда жоқ нәрсе. Менің ғылымнан кеткенім де содан.  53 жасымда кеттім. Білесіз бе, жаста тұрған ештеңе жоқ. Бұл жаста мен физик ретінде көп нәрсеге қол жеткіздім, сол себепті, өзімді басқа міндетте көрейін деп шештім. Өкініп, өткенді ойлауға уақыт болмады. Енді тек алға ұмтылу керек болды. Балалар да есейіп қалды. Оларды оқыту, бағу, қолдан келгенше көмектесу керек болды, сондықтан ойланып отыруға шама болмады.

-  Ауысу сізге күрделі болды ма?

- Ықыласың болса – бәрі де адамға абйланысты. Мен тек алға басқанды, тануды ұнатамын.  Мен айтарлықтай көп нәрсе білдім, кәсіпорын иелігі мәселелері, экономика мәселелері бойынша күтпеген жағдайлар да болды. Сол себепті, академиялық уақыттағыдай емес екен деп ойлайтындай болған жоқ.

Сосын мені қызықтырғаны командамен жұмыс істеу еді, басқа мамандар жасайтын, көптеген нәрсені қолданасың. Бірақ, мұны жинақтап, саралап, жалпылап, одан соң компьютерде жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды салу керек, яғни, бұл тірі организм. Өмірде қандай болса, компьютерде де сондай болады. Менің физикадағы қызметім, теориялық жұмыс, ол да есептеуіш машиналармен байланысты. Мен үшін ЭЕМ, одан соң үстелге қоятын компьютерлер – бұл басқалар үшін қаламсаптай. Жұмыс құралы.

-  Компанияға келген бірінші күніңіз есіңізде қалды ма?   

- Мен Ерлан Шынтөриновтың жобалық қаржыландыру басқармасына түстім. Біз жобалық қаржыландыру, болжау және компанияның дамуына байланысты жұмыстардың барлығымен айналыстық.

Ең бірінші, мені таң қалдырғаны,– екпінді жастар. Уақыт тәулігі деген түсінік болған емес, не нәрсені де кеше істеп қою керек болатын! Компанияның байырғы қызметкерлерінің есінде әйгілі екі қара диван әлі де бар шығар, міне, біз күндіз де түнде де солардың үстінде қонып жұмыс істедік. Мен тез жұмыс істеп, тез ойланатын адамдардың командасына келдім. Біз Ерлан Шынтөринов екеуміз ол кезде біргіп жұмыс істейтінбіз. Бір фортепианода сөйлемей-ақ ойнап отыратын екі пианинода ойнаушы сияқты едік. Бұл бірегей кез еді. Одан соң тәжірибе де келді(күледі).

Кейін басқа копьютерлік техника пайда болды, штат кеңейді, міндеттер бөлінді. Бізден бірдеңелер үйрене бастаған жастар да пайда болды. Бірақ шындығына келсек, біз олардың аузынан не сөз шығар екен деп қарап отырамыз, өйтені жастардың көзқарастары да жаңа. Бұл басқа адамдар, олар тіпті сен білетін нәрселердің өзіне небір жаңашылдық әкеледі. Жалпы, менің адамдармен жолым болғыш. Мен өз басым бір өзім жүргенді ұнатсам да, командамен жұмыс істеуге үйрендім. Бірақ мен үшін команда маңызды. Бұл сенің істеріңнің бірінші төрешісі.

- Сіз Raimbek-тегі жобалар өзінің ауқымдылығымен қызықтырды деп атап өткен едіңіз.

- Иә, мен компанияға келгенде, алкогольсіз ішімдіктер құятын зауыттың жобасынан бастаған болатынмын, одан соң, бройлер құс фабрикасының жобасы болды. Ал кейін, шырын шығаратын Raimbek Bottlers  зауыты саналып, салынды. Ол барлық аспектілер: зауыттың жасақталуы алаңы бойынша да, қызметкерлері жағынан да оңтайлы болды. Біз жасаған барлық санаулар, кейін нақты сандарға да айтарлықтай анық сәйкес келді. Бұл бізді одан сайын жігерлендірді, содан табысты түрде іске асып, әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан UHT-сүтін өндіру жобасын да санай бастадық.

- Сіз компанияның табысты болуына қосқан жеке үлесіңізге қандай баға бере аласыз?

- Мен компанияға не бердім? Гуманитарлық мамандардың  ойларына интуитивті  түрде келген бизнестің көрсеткіштерін нақты цифрлаумен айналыстым деп айта алар едім.  Яғни,  жобанның идеясынан бастап, іске қосылуына дейінгі логикалық құрылымының бағалау дәлдігін шығару. Оның сүйемелденуі, құбылыс талдауы. Өндірістегі, қаржылардағы. Қызметкерлердің өздері де белгілі бір үлгімен бағланады.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін бизнес-идеялар, бизнес-жобалар, қаржы үлгілерін жасауда мен қатыспаған сала жоқ шығар. Біз тіпті 2 мың ірі қара малға арналған сүтті-тауарлары фермасының құрылыс жобасын да санағанбыз.  Ферманың табын айналымы, малды тасып жеткізу үлгісі құрылған, яғни, қаржылық жоспарлау мен болжаудың нәтижесінен құралған технологиялық толыққанды үлгісі деуге де болады. Жоба голландияның, немістің және израиль мамандарының мақұлдауынан да өткен, біз ресейлік бөлімшенің жабдықтарымен жұмыс істедік. Олар бізде құрылған сол бағдарламаға таң- тамаша қалған. Бұл жем-шөп базасына қажетті үлкен алаң мен соған сәйкес қаржыландыру болу керек деген талап орындалса ғана іске асатын жұмыс жобасы еді.  

Біз басынан-ақ көп бейінді компания ретінде дамыдық. Қызықты идеялар, жақсы бастамалар, табыстылар қатары. Табыстылар дейтінім, компанияның қызметкерлері нәтижелерге қол жеткізгендеріне рухтанып,  бар күштерін салатын. Біз жұмысты адал істеп, сыйақыны содан кейін ғана алу қалыпты болып саналатын жақтан келгендерміз. Қазіргі кезде, мен жалақысына қарап, жұмыс істейтін деген әңгімелер көп айтылатын болып жүр. Бәлкім, бізге қарағанда,  жас ұрпаққа прагматиз тән шығар.

 - Жұмысыңызда сізге ғанибет әкелетін не?

Ойлағаның өте керемет болып іске асса, сол мен үшін ең үлкен ғанибет. Еңбегіңнің жемісін көру үшін қызмет істеу. Мәселен, шырын зауыты. Біз қалай санап, болжасақ, ол солай болып шықты. Шығыны жағынан да, кірісі жағынан да. Нарық өзгеріп отырады, оны ұзақ кешеуілдеуде болжап білу мүмкін емес, бірақ, бухгалтерлік есеп беру, жоспарлағанмен тең шықты. Әлі есімде, бірінші жыл өтті, Ерлан Шынтөринов: «Қараңдар, бәрі сәйкес келді!», дейді. Ал мен: «Сәйкес пе? Онда солай анықтағанбыз ғой!», дедім (күледі).

Сосын, бізде ғажап адамдар жұмыс істейді. Олардың компанияға келген тарихтары да ғажайып. Кезінде, "А-Студио" тобының алғашқы продюсерлерінің бірі де жұмыс істеген. Білімі бойынша, мұнайшы. Сенесіз бе?! Жұмыс барысында ондай адамдармен қарым-қатынаста болу, естен кетпейтін әсер қалдырады, ал егер де біреулері компаниядан кетіп жатса, біз қатынасымызды үзбейміз, олармен араласу көп қуаныш әкеледі.

Әрбір адам өз өмірін өзі бағыттайды, егер де сізді бірдеңе қанғаттандырмаса, қысқа уақыт ішінде оны өзгерту керек. Маған Raimbek-те жұмыс істеу көңілді. Мен қызықты адамдармен кездестім, мен лайықты марапаттарға ие болдым, бұдан артық не керек?

 

 

Другие истории