Ольга Полухина

Сауда маркетингі департаментінің басшысы
Ольга Полухина

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

«RAIMBEK  КОМПАНИЯСЫНДА 15  ЖЫЛЫМНЫҢ ҚАЛАЙ ЗЫМЫРАП ӨТІП КЕТКЕНІН БАЙҚАМАППЫН»

Ольга Полухина Raimbekтің тағамдық дивизионында аса жауапты қызмет істейді – ол сауда маркетингі департаментін меңгереді. Яғни, Raimbekтің тауарлары Қазақстан бойынша қалай және қандай бағамен сатылатындығы, Ольгаға және оның қызметкерлеріне байланысты. Жұмыс күрделі, еңбекті, стратегиялық ойлауды және өзіндік тәртіпті талап етеді. Ал осы қасиеттердің барлығы да біздің кейіпкеріміздің бойында бар

- Ольга, мұның барлығы неден басталып еді

Бұл 2001-ші жылдың 18-ші қазан айында басталған болатын. Дәл сол кезде компанияда маркетинг-менеджер деген жаңа орын ашылған болатын. Бастапқыда бұл қызмет көп қызметті болады деп тұспалданған соң, мен Premium плюс алкоголь ішімдіктері бутигінде сату бөлімімен жарнамалық белсенділікті өңдеумен, сондай ақ, зерттеу компаниялары мен жарнама агенттіктерінің жұмыстарын үйлестіруді қолға алып, осы қызметтерді қатар алып жүрдім. Маркетинг бөлімін біз ең басынан құрдық. Әрине, мен адам айтқысыз көп тәжірибе алдым, сосын маған: жұмыс көлемі көп болса, қарым-қатынас, кездесулер, қызықты жобалар шексіз болса, солай жұмыс істеген өте ұнайды. Мен тіпті Raimbek-те 15 жылымның қалай зымырап өтіп кеткенін байқамаппын...

Ол кезде маған барлығын үйреткен Сергей Полухин болатын, ол менің тәлімгерім, ұстазым, гуруым еді. Оның маған берген білімін, мен уақыт өте, өзімнің қызметкерлеріме жеткіздім. Өзім таңдап, менімен қызмет жасағандардың барлығы, – бұл менің жетістігім. Олар үлкен тәжірибе алып, одан әрі өрлеп – бренд-менеджерлер атанды, одан қалды, басқа да жауапты орындарда қызмет атқара бастады. Одан соң, басқа компанияларға келешегі бар қызметтерге орналасты.

- Өзің өсіріп, тәрбиелеген қызметкерлермен қош айтысу оңай емес шығар?

- Жоқ. Адамдарды жіберу керек, бұл компанияда одан әрі өсе алмайтындығын түсінсең, оларға басқа жерде өркендеуге мүмкіндік беру керек. Егер ол осы жерде өзін барынша көрсетіп болса. Адамның бір жерде тұрып қалғаны дұрыс емес. Мен, адамдарды жібере білу керек деп ойлаймын.  

- Компанияда жұмыс істеу барасында сіз үшін ең қиын болғаны не?

- Ең қиыны – бұл бірге жұмыс істеген адамдармен қоштасу. Бар жаныңмен берілген жобалар мен брендтерді жабуға мәжбүр болғанда, олармен қош айтысу қиын.  

Солай жабылып қалған жобалардың бірі, менің ең сүйікті брендім – бұл Juicy Cool бренді. Кезінде ол күллім Қазақстанның жүрегін жаулаған. Біз оны қаптаманың технологиялық проблемалары орын алғандықтан жауып тастадық. Өкінішті болғаны соншалық, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ең басынан бастап жарыққа шығарған азық-түліктер, брендтер – бұл сенің балаларың сияқты. Ал JuicyCool үшін, мен ол кезде жарнамалық компания ұйымдастырып, бейнероликтер түсіріп, фотосессия жасағанмын. Сосын, сенің командаңның еңбегімен туындаған өнім нарыққа шығып, оны тұтынушылар қалай қарсы алып, қалай сатылып жатқанын көресің.

Қазір менің қызметімде әрине, креатив аз, есесіне, сандармен жұмыс істеу көбейді, ал бұл жерде ең бастысы – көлем мен нәтиже. Сатушылар тек сенің ғана тауарыңды сатып алу үшін, көңілдерінен шығуға мейлінше тырысуың керек. Біздің алдымыздағы міндеттер күрделі – қазір тұтынушылар барлығын үнемдеп, арзандау тауарлар іздеп, тиын санап жүрген экономикалық дағдарыс кезінде, бәсекелес бола білу керек. Сол себепті, бізге жеңілдіктерді дұрыс санай біліп, әр аймаққа жекеше әдіс қолдану қажет, өйткені, әр қаланың өз ерекшелігі, өз тұтынушылары бар.

- Креативті сағынып жүрсіз бе?

- Әрине, сағынып жүрмін (күледі). Маған барлығынан да бейнероликтер түсіру, өндіріске қатысу, өнімді шығару жұмыстары ұнайды. Бірақ қазір трейд-маркетингімен айналысамын, мен маркетингтің басқа бөлігімен таныстым, енді оны жан-жақты, әрі терең білемін. 

- Сіз түсірген роликтердің ішіндегі сүйіктісі қайсы?

- Бибігүл Төлегенова түскен "Айналайын" сүтінің ролигі, әрине. Онда кішкентай сәби қыз дүкеннің ішінде алғашқы рет қадам басады. Ол роликтің түсірілімі кезінде өзіндік қиындықтар туындап, оны қайтадан түсіруімізге тура келді. Білесіз бе, бізді сонда таң қалдырғаны – актерлардың бірде бірі, оның ішінде Бибігүл Ахметқызы да бар, түсірілімге қайтадан қатсықандары үшін қосымша қаламақы талап еткен жоқ! 

- Сіздің ойыңызша, осындан 15 жылғы Raimbekпен бүгінгінің арасында қандай айырмашылық бар?

- Бұрын ол шағын жанұя болатын, ал қазір, 15 жыл өткен соң, үлкен болды. Кейбір балапандар қанаттанып, ұядан ұшып, өз беттерімен өмір сүре бастады. Жаңа адамдар келді. Бірақ компания дұрыс бағытта келе жатыр, менің ойымша, оның болашағы зор. Біздегі басқару икемді, біз бизнес-барысты автоматтандырудамыз, мұның барлығы, болашақта алдымыздан шығатын мәселелерді шешуге көмектесетін болады. 

- Сіз компанияңыз туралы "жанұя" дедіңіз...

- Жанұя! Иә, тек солай ғана. Егер мен оны өзімнің жанұям деп есептемесем, мен бақандай 15 жылымды оған арнамас едім. Біз өте ұйымшылмыз. Қазір біздің кеңсе – бұл ашық кеңістік, openspace, және де бұл кездейсоқ емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын бөлімдердің барлығы дерлік бөлек бөлмелерде отыратын, барлығы есіктерін жауып алып, әркім өз әлемінде өмір сүретін. Ал қазір, біз қайтадан бір-бірімізбен қарым-қатынас жасайтын болдық, бірге түскі асымызды ішеміз, уақытты бірге өткіземіз, бір –бірімізбен жұмыс барысы бойынша араласа бастадық, сұрап, өзара көмек көрсетіп жатамыз. Менің ойымша, көптеген қызметкерлер Raimbekті ӨЗІНІҢ компаниясындай сезінетін сияқты.  Ал олай санамайтындар, бізде көп уақыт кідірмейді.  

Мүмкін қайталанармын, бірақ тағы да айта кетейін: бұл жерде қызметкерлердің ең басты табатындары – бұл Қазақстанның басқа бірде бір компаниясында табылмайтын, адам айтқысыз тәжіриб. Нарықта Raimbek компаниясының қызметкерлерін жайдан жай бағаламайды ғой.

 

 

Другие истории