Полат Махантаев

Raimbek Agro-ның өндірістік бапкері
Полат Махантаев

Мен білімім бойынша кенші-инженермін.  90-шы жылдардың соңында жұмыссыз қалдым, ол кезде жұмыс табу қиын болатын. 2001 жылы Raimbek Agro жаңа зауыты ашылатындығын біле сала, сонда бардым. Бірақ, ол жерге тас қалаушылар мен ағаш ұсталары ғана керек екендігін білдім. Бұл жұмыстан қорықпадым, мен өз қолыммен бірдеңе жасағанды жақсы көремін, сол себепті ағаш ұстасы болып жұмыс істеуге келісе кеттім. Сол кезде менің болашақ мансабым Raimbek Agro-мен байланысты болады деп ойламаппын.  

Екі айдай жұмыс істедім. Сол кезде жаңа жабдықтарды іске қоса бастады. Сосын бас инженер жөндеуші ретінде жұмыс істеп көруімді ұсынды, қанша дегенмен менің инженерлік білмім бар ғой. Сөйтіп, мен зауыттағы жабдықтармен жұмыс істей бастадым. Әлі күнге дейін солармен жұмыс істеудемін, сол себепті, олар туралы егжей-тегжейлі білемін.

Жөндеуші ретінде менің қолымнан бәрі келе бастады. Уақыт өте, мен Мәскеудегі арнайы курстан өттім, одан соң мені қаптауыш машиналар бойынша инженер етіп тағайындады. Автоматты желілермен жұмыс істеу мен үшін қызықты болды, өйткені, ол кезде мұндай жабдықтар Қазақстанда жоқтың қасы болатын. Ол аздай, бұл жұмыс асқан жауапкершілікті талап етеді, себебі, біз сүт өнімдерін шығарамыз ғой, ал біздің өнімдердің қауіпсіздігі, менің жұмысымның сапасына байланысты. Уақыт өте, мен бас механик болдым, маған көп оқуға тура келді. Мәскеуде оқыдым, біздің жабдықтарды шығаратын зауыттың ұйымдастыруымен Қазақстанда тренингтерден де өттім.

2013 жылдан бастап өндірістік бапкермін. Бүгінгі таңда, техникалық қызметкерлерді жабдықтармен жұмыс істеуге үйретемін. Әрине, жауапкершілік аса жоғары. Басқаларға білім бере аламын ба деп көп уақыт күдіктендім де, бірақ, қолымнан келді. 

Другие истории