Сурен Абибулаев

Жеткізілім тізбегі басқармасының бастығы
Сурен Абибулаев

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

 «АДАМДАР КҮЛІМСІРЕП ЖҮРСЕКЕҢСЕДЕГІ АХУАЛ ЖАҚСЫ ДЕГЕН СӨЗ»

Шырындар өндіретін шикі заттың жеткізілімі, шет елдік алкоголь ішімдіктерін жеткізу, сүт зауытына сүт сатып алу, құрал-жабдықтар мен толымдаушылар, қаптамалар, ыдыстар және басқалары. Raimbek тағамдық дивизионында бұл үдерістердің барлығын «жүргізетін», жас әрі елгезек басшы - Сурен Абибулаев. Қарсы алыңыздар. Жеткізілім тізбегі басқармасының бастығы.  

- Сурен, мұның барлығы неден басталып еді

- Мен Raimbek компаниясына 2011-ші жылы, қыста келдім. Мен келгенде «шала» едім: аздаған өмірлік тәжірибе жинақтаған болсам,  кәсіби тәжірибем тіптен аз болатын (университет бітірген соң, жұмыс тәжірибем бір-ақ жыл болатын). 

Мені  сатып алу бойынша маман етіп, алкогольдық бағытқа қойды. Содан,  жұмыстың тұңғиығына басыммен сүңгіп кеттім. Жұмыс көлемі шексіз, жауапкершілік бастан асады. Бұл су асты тастары көп таудан аққан долы өзенде малтуды үйренумен тең еді.

Бірақ мен бұл сыннан айтарлықтай сүрінбей өттім деп санаймын. Ол кезде, біздің салада (алкоголь ішімдіктерінің импорты) әлі де, лицензиялар, квоталар және Кедендік одақ аясы бойынша құрылған алкоголь өнімдеріне жеткізушінің тіркелуі туралы куәлік кіргізілген болатын.  

Мұның барлығы жаңа  нәрселер еді, ол қалай болмақ, мұның барлығын қалай шешеміз, ешкім ештеңе түсінбейтін. Содан, біз, былайша айтқанда, машықтана бастадық (күледі). Тіпті кейде, қиын жағдайлардан шығу үшін, қулық істеп, бірқилы идеяларды да қолдануға тура келген кездер де болды. Мәселен, алкоголь өнімдеріне жеткізушінің тіркелуі туралы куәлік кіргізігенде, Қазақстанға бір жарым жыл бойы шеттен ешкім ештеңе әкеле алмады.  Өйткені,  әр өнімнің атауына шет елдік жеткізушілерден айтарлықтай көп құжаттар тізімін талап етті, бұл дегеніңіз, айтарлықтай күрделі болатын. 200-ден астам алкоголь өнімдері атауларының әр қайсысына 6 құжаттан қажет. Амал не, қолымыздан келгенше тырысып бақтық.

Әрине, сәтсіздіктер болмады деп айта алмаймын, бірақ, жеңісіміз көбірек болды. Біздің жұмыста  күн сайын әйтеуір бір жеңіске жетіп отыруыңа тура келеді.

Бүгінгі таңда, мен жоғарыладым. Алкоголь сатып алу үдерісін, жемістік консерванттар сатып алу және сүт бағытына арналған шикізат стратегиясын өткердім. Одан соң, ішкі логистика болды, осы тәжірибелерімнің арқасында, жеткізілім тізбегі басқармасының жетекшісі болуға септігін тигізді, яғни, бұл үдерістердің барлығы дерлік менің басқармама кіреді.

Жұмысыңызда сізге ғанибет әкелетін не?

- Адамдармен жұмыс істеу. Бұл басшы үшін ең қызық және ең күрделі нәрсе, өйткені, ұжымдағы ахуал ең маңызды мәселе. Егер де ахуал болмаса немесе ауыр болса, адам жұмысқа барғысы келмейді. Сол себепті, осы жылдар бойы мен командада достық жағдай құруға тырысып келемін. Бізде жұмыс істейтін адамдар өте жақсы, елгезек, қай кезде де қол ұшын беруге дайын. Бұл өте маңызды. Таптырмас құндылық.

Командаңызда жайлы ахуал құру қолыңыздан қалай келді?

- Адамдар мониторларына сұқтанып, пернетақтаны тықылдадып отыра бермей,  күлімсіреп жүрсе – бұл кеңседегі ахуал жақсы деген сөз. Түптеп келгенде, адамның жұмыс күні 100% жұмысбастылықпен өтпеу керек дегенге қосыламын. Оған кеңседен тыс қарым-қатынас та қосылу керек деп ойлаймын. Біз спортты жақсы көреміз, жарыстар өткізіп, кештер ұйымдастырып, бірігіп жиі шығып тұрамыз. 

Бірақ мен кадрларды таңдағанда, ең алдымен ахуалдың жайлылығына көп көңіл бөлемін, яғни, мынау адам бізге жарай ма, ұжым қабылдай ма, деп қарап аламын.  Ұжымға сыйыса алмайтындарға да назар аударамын.

Сіздің ойыңызша, Raimbek компаниясының табыс сыры неде?

- Бұл басшы. Команданы құрастыра білген басшы. Мен Райымбек Баталовтың есімінің өзі – табыс кепілі деп санаймын. Бұл есімге барлығы да тұрақтылыққа сенгендей сенеді. Сосын, әрине, команданың өзі де бар. Біздің компанияның қолбасшысы болып табылатын ұйытқылары да бар. Осы жерде он жылдан астам қызмет етіп келе жатқан адамдар. Олардың арқалап келе жатқан жүктері аз емес, олар Raimbek компаниясы нарықта алғы шепте жүруі үшін көп нәрсе жасады.

Мен біздің компания туралы жақсы пікірлер көп естимін, біз өндіріп жүрген өнімдер, адамдар үшін нарықтағы сапа, тұрақтылық, сенімділік деген ұғымдармен байланысады деп айта аламын. 

Сіздің ойыңызша, 25 жылдан соң, компания қандай болады?

25 жылдан соң ба? Яғни, 50 жылдық мерейтойында ғой? Қазақстандағы халық тұтынатын тауарлар саласында ең ірі өндіруші болады деп есептеймін. Алға қарай сенімді қадам басатын ірі, тұрақты, сенімді компания.

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие истории