Пресс-центр

10/02/2017
«Жоғарғы лигадағы» іскер

«Жоғарғы лигадағы» іскер

2016–шы жылдың желтоқсан айында  Almaty Management University, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай,  «Қазақстандық  кәсіпкерліктің  аңыздары» атты кітап басып шығарды.

Кітаптың 25 кейіпкерлері – республикамыздың  14 облысының  және ҚР екі қаласы: Алматы мен Астананың өкілдері.  Олар өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін тәуелсіздіктің  таңында бастап, бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік рухтарын көтеріп келеді. Кітаптың кейіпкерлері  есімдері Қазақстан Forbes тізімінен орын алған әйгілі іскер азаматтармен қатар, қазақстандық экономиканың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан, кіші және орта бизнес өкілдері.

Райымбек Баталов – біздің ең жас, және де сәрі ең танымал кейіпкеріміз шығар. Тіпті «ең» деген теңеу – бұл сол туралы. Ол – қоғамдық және әлемдік сана-сезімде іскер қазақ бейнесі саналатын сирек адамдардың бірі. Тәуелсіздіктің таңында Райымбекке, президенттің қолдауы мен қамқорын пайдаланған кәсіпкерлер шоғырына кіру мүмкіндігі бұйырды деген пікір де естіп жүрміз. Әлбетте, Баталовтың 90-шы жылдардағы адам айтқысыз табысына тағдыр да, бақ та себеп болды,  десе де, іскер азаматтың басты ерекшелігі – оның іскерлікке деген нанғысыз ұмтылысы мен асқан кәсіпкерлік қасиеті.

Raimbek Group холдингін құрушының құштарлығының тереңдігі  көлемді де, ауқымды, бірақ, оның ең айқын ерекшелігі – даналығында, қолдау мен кеңесті кімнен болмасын қабылдай білуінде (tengrinews порталына берген сұхбатында өзі айтқандай) және «бейберекеттіктен мүмкіндік құра білу» дарынында. 90-шы жылдары дәмелендірген «сыйды» кез келген қабыл ала алмады. Біреудің жүйкесі шыдамады (қомақты ақша – үлкен қатер), басқалары, ол кездері көп соманы оңайлықпен қолға түсіруге болатын еді, бірақ, дүдәмал келісімдер мен операциялар жасау кезінде дәл солай оңай айырылып қалып жатты, үшіншілері – ақшаны ақша табу үшін ғана тапты. Ал Баталов, ол кезде бар болғаны 20-дан енді асқан шағында, өз табысын және оны жасаушыны қабылдап қана қоймай, сол кездің таңғажайып мүмкіндіктерін барынша қолданып, тағдыры жомарттықпен сыйға тартқанның барлығын сақтап, одан сайын арттыра түсті.

Алғашқы тиын-тебенімді 5-ші сыныпта таптым…

46 жастағы Райымбек Баталовтың атқармаған жұмысы жоқ: балабақшада аула сыпырушы, пошта қызметкері, фин етіктері мен джинстарын сатушы, ірі көтерме бағалармен жемістерді «Стрела» дүкені «желілеріне» тасымалдап-сатушы, тыңайтқыштар өндіруші, ресторатор, энергетика мен металлургия саласында менеджер қызметін атқарушы – айта берсе, бұл тізім бітер емес...

Бір қызығы, Райымбек бала кезінде шекарашы болуды армандаған екен, сол себепті әскери училищеге де түспекші болыпты, бірақ кейін ол ойдан айнып, өмірін спортпен байлауға бел байлайды. Су астында жүзумен белсенді айналысқан Баталовты, екі бірдей: ересектер және жасөспірімдер құрамасына (ол ДОСААФ және әскери спорт клубы үшін шыққан) енгізген, бірақ қалжыратқан жаттығулардың кесірінен, үлкен спортпен қош айтысуға тура келеді. Ақырында, әкесінің кеңесімен, жас жігіт құрылысшы боламын деп шешім қабылдайды. Райымбек сәулет құрылыс институтының (АСҚИ) ең күрделі мамандығы: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс (ӨАҚ) бөліміндегі оқуымен қатар, кәсіпкерліктің қыр-сырын игере бастайды. 1991-ші жылы ол  «академ» алады: бизнес толық айналысуды, 100 пайыз қайтарымды талап етеді, ол аздай, алда – соңғы курс және диплом күтуде; сондықтан, жас жігіт оқуды таңдамауды ұйғарады. АСҚИ-ды ол кейінірек тәмамдайды, жас кәсіпкердің «үзіліс» кезінде атқарған тысқары істері өз жемісін беріп, өмір жолында оған көп пайда әкеледі.

Жеке меншік кәсіпорынды (Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария, Гонконгтан әкелінген электроника тауарларын көтерме және бөлшектеп сататын, кішігірім «Раимбек» фирмасы) Райымбек 1992-ші жылы, 4 ақпанда тіркеді, компанияның айналымы өсіп, көлемі ауқымды бола бастағанда, бөтен реквизиттерді қолдану ыңғайсыз еді. Сол уақыттан бастап, заңды тұлғаның атауы өзгертілген емес дейді, Баталов – тек нысаны ғана өзгеріп отырды: ЖК, ЖШС, АҚ, бірақ атауы сол қалпы қалды. Сонымен қатар, 25 жыл ішінде, кәсіпорын бір де бір рет жұмысын тоқтатып, айналымын кеміткен емес – бұл тұрғыда, Райымбек Әнуарұлының бизнесін бірегей деуге болады.

«Мен алғаш бизнеспен шындап 1987жылы, тәжірибелі дайындаушылармен бірге Сібірге машинамен алма, шабдалы, өрік тасығаннан бастап  айналыстым, - деп еске алады Баталов, – бұл кооперацияның алғашқы екпіні болатын. Бірақ мен ол кезде өз ісіммен айналыспайс, тек көмек көрсеткен едім. Кейін өз бетіммен дүкеннен көкөніс «жүйесін» жалға алып, сатумен айналыстым, одан соң, ипподромда мейрамхана ұстадым. Одан кейін, сатуда келісімдер жасап, кәсіпорындардан қолма -қол ақшасыз іс-әрекеттер жасап, оны қолма –қол ақша етіп, ол ақшаға электроника сатып (бұл қолма-қол ақшасызға қарағанда арзан болатын), алып- сататынмын. Айтпақшы, 90-шы жылдардағы қолма-қол ақша етіп беру үлгісінен ақшаны айырбастаудың өркенитті тәсілін ВнешЭкономБанк арқылы жасауды алғаш енгізген мен болатынмын. Ол кезде ВЭБ төрағасы Берлин Иришев еді, ол жерде қазірде есімдері танымал болған банкирлер:  Раушан Сағдиева,  Қайрат Сатылғанов, және тағы басқа саңылақтар тобы қызмет жасаған.  Олар маған рубльді айырбастауға және шет елдерге жіберуге көмектескен. Шет елдіктер біздің төлемдеріміз үш күннің ішінде жетекенде, (сингапурлықтар мен итальяндықтар Одақтан айлап ақшаларын күтетін) қайран қалғандары әлі есімде. «Раимбек»  техниканы Алматыда қолма-қол ақшасыз сататын, сол себепті олар қымбат болатын еді, ал егер де, әсіре инфляция және ақша ауыстыруды ескерер болсақ, шығындардың орны артығымен толатын.

Сол 92-ші жылы, кәсіпкер оңтүстік астанада ол кезде бұрын соңды болмаған, әлемдік өндірушілер шығарған электроника мен кеңсе техникасының сұрыпталымын сататын  «Достық» электроника дүкенін, ал бір жыл өткен соң – «Раимбек» сауда үйін ашады.  Бір жылдан кейін кәсіпкер, өзін бизнестің жаңа аясында сынамақ болады: 1993-ші жылы, фирма өзінің жеке жиһаз салонын ашып, еуропалық жиһаз сатумен айналыса бастайды.

«90-шы жылдары біз тәжірибе жинадық»

Кезінде Райымбек Әнуарұлы құрылыс материалдарымен де, металлмен де айналысқан, Боралдайда мұнай базасын, құс фермасын салған. Кәсіпкердің осы уақыт бойы алдыңғы қатарда жүруіне, елбасының қолдауы да көмек болды: «Іскерлікте жүргендер президентке дән риза, өйткені тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, ол кісі бізді ресми делегация құрамына кіргізіп, бізге әлемді көрсетті. Шын мәнісінде, бізге – жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерге ол кісі бизнестің «жоғарғы лигасын» көрсетті, ал біз, соның барлығын бойымызға сіңіріп алдық. Қазір мен сол кездегі «бизнес майталмандары», мәселен, Shell компаниясының басшысының бізге деген қарым-қатынасының қаншалықты мәдениетті, мейірімді болғанын енді түсініп жүрмін. Америкалықтар болсын, еуропалықтар болсын, өздерінің көргендерімен бөлісіп, біз үшін құнсыз тәжірибе сыйлады, сол үшін мен президентке ырзамын, ол бізге алар биіктерді көрсетті. Мұндай биіктерге өз бетімізбен жету үшін, ондаған жылдар кетер еді», - деп еске алды кәсіпкер.

Баталовтың бизнесінің даму қарқыны шын мәнінде таң қалдырарлықтай: 1996-шы жылдары ол – қазақстандық дәнді ұқсатып, экспорттайтын  Raimbek Grain компаниясын құрды. Ол кәсіпкердің қазақстандық тағам өндірісі аясында жасаған алғашқы қадамы болатын – енді міне, бұл «Raimbek Group» холдингінің стратегиялық бағыты болып отыр. Бүгінде Juicy, Junior, Frutta Mix, Palma және Fantan шырындарын шығаратын, Алматы жеміс-жидек комбинатының базасында Raimbek Bottlers компаниясын құрды, Қазақстандағы шырын өндірісін кәсіпкер 1998-ші жылы іске қосты.

Raimbek Agro – бұл Raimbek холдингі қызметінің тағы бір табысты бағыты 2001 жылы іске қосылды. Баталовтың фирмасы «Айналайын» және «Милоко» сауда белгісі бар сүт шығарады. Райымбек Баталов эксклюзивті алкогольді ішімдіктерді Қазақстанға жеткізумен айналысады, Borjomi минерал суын импорттайды, әйгілі «Арзан» көтерме маркеті мен Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы жемістерді өсірумен айналысатын  Alma Prodex компаниясын құрушы.

Бизнестің сан түрлі саласында атқарылған жұмыстарына қарамастан, бүгінгі таңда Raimbek холдингінің мамандануы - ритейл (бөлшек сауда), ауыл шаруашылығы және азық-түлікті ұқсату. Тәжірибе Райымбек Баталовқа шашылудың тиімсіз екенін үйретті. Кезінде оның бизнесінде де әртүрлі векторлар болған, қазірде ол азық-түлік индустриясына топталған.  

Ұстаздар, тәлімгерлер…

Табысты болуым мүмкін деп алдын ала ой жүгірткен Райымбек Әнуарұлы, ең алдымен, қашанда «өздерінің үлгілерімен, кеңестерімен көмектескен, әлі де көмектесіп жүреген» ата-анасына алғысын білдіреді, дей тұрса да, ол әр кез командамда тәжірибелі адам болғанын қалайтынмын деп, атап өтті: «Сондай бір төбе адамның бірі деп, мен  Евгений Федорович Башмаковты санаймын. Ол кісі Орталық Комитеттің бұрынғы хатшысы, Одақтар министрлігі төрағасының орынбасары болған, өнеркәсіп пен құрылысқа жетекшілік еткен, ол мен үшін – экономика мен өнеркәсіпті жаһандық билеу тұрғысынан айтарлықтай тәжірибе берген алғашқы тәлімгер. Ол кісі өнеркәсіптер және ірі салаларды басқарған сеңдей адам еді. Бүгінде ол кісі арамызда жоқ… Владимир Федорович Шведюк – бұрынғы прокурордың орынбасары, МТК (мемлекеттік тергеу комитеті-авт.) бірінші орынбасары. Менің досым әрі «штаттан тыс кеңесшім», тәжірибесі мен ақыл-кеңесі өмірде көп көмектескен, өте данагөй адам», - деп еске алады Баталов. Әке мен бала арасындағы шиеленіс, әсіресе үшкір болып тұрған кезде, аға буындардан үйренуге ұмтылу,  – өздігінен таң қалдырарлық жағдай. Аға буындылардан жинақталған тәжірибе мен жастардың күш-қуаты, басқалары күйреуге ұшырап жатқанда, «Раимбек» фирмасының жұмыс істеп, өркендей түсіуіне көмектесті.

Мен не істесем де, шын ниетіммен істеймін…

Уақытының басым бөлігін Райымбек Баталов бизнеске арнаса да, спорт, қоғамдық қызмет, жанұя және әлеуметтік бастамаларға да уақыт табады. «Бизнесте адалдық мәселесі өте маңызды, - екеніне кәсіпкер сенімді, - мен үшін де 25 жыл бойы ұстанып келе жатқан белгілі қағидалар аса маңызды. Балаларымды да тәуелсіздік, адалдық, адамгершілікке баулуға тырысамын. Мен әр кез, әр мәселе бойынша барлығын дұрыс істеймін деп айта алмаймын. Бірақ, адамдармен қарым-қатынасым, оларға деген ниетім түзу».

Жас кезінде шұғылданған су астында жүзуден бөлек, кәсіпкер велоспорт, үлкен теннис, тау шаңғысымен айналысады. 2009 жылдан Қазақстанның су астында жүзу Федерациясының президенті, Қазақстандық велоспорт Федерациясының бірінші вице-президенті,  Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық Кеңесінің төрағасы. 

«Бизнес білімді қолдауға міндетті»

2009 жылдан бастап, ол Almaty Management University (бұрынғы ХБА) Қамқоршылық Кеңесіне кіріп, оның жұмысына белсенді қызмет көрсетеді: «Кәсіпкер ретінде мен күн сайын кадр мәселесінің проблемаларын көремін, әсіресе, білімдерінің төмендігі байқалады. Шынында да, бізде соңғы он бес жыл ішінде, білім беруде айтарлықтай құлдырау бар. Біз оны  90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бас кезінде білім алған менеджмент пен кадрлардың сапасынан сезіп отырмыз. Әрине, ерекшелері де жоқ емес. Мәселен, AlmaU түлектерін жұмысқа біз қуана-қуана аламыз. Сол себепті, жоғары оқу орнының қамқоршылар Кеңесіне кіру туралы ұсынысты, мен құлшына қарсы алдым – менің ойымша, бизнес сапалы білімді қолдауға тиісті, тек қаржылай ғана емес, тәжірибемен де бөлісуге болады».

Осыдан бірнеше жыл бұрын, «Раимбек» компаниясының менеджменті мен ол кездегі ХБА-мен бірігіп, жоғарғы оқу орындарындағы дәріс беру тәсілдері, тәжірибеге қаншалықты бейімделгенін тексеру үшін, біріккен шара ұйымдастырды. Болашақта Райымбек Әнуарұлы жоғарғы оқу орындарында, факультативтер топтамасы мен тәжірибелік сабақтарды өткізуге бастамашылық жасап, соның аясында, Raimbek компаниясының қызметкерлері студенттермен өз тәжірибелері бойынша ой бөлісіп, былайша айтқанда, кейбір университеттерде қосарлы білім беруді қолға алмақ.
Айтқандай, Баталовтың үлкен ұлдарының бірі, Англияда осы үлгіге ұқсас дәріс алып, сол жақта Ридинг университетін тәмамдады. Кәсіпкердің пікірінше, Еуропадағы FMCG саласындағы ең үздік оқу орны екен: «Бірақта ол мектеп жасынан бастап, менде тәжірибе өтетін, өйткені мен тәжірибе сабақтарының бар маңыздылығын жақсы түсінемін. Мысалы, кезінде мен оқыған сопроматтың текке керегі жоқ, ол аздай, кәсіпорында жүріп, прораб немесе учаске бастығының теорияға қарағанда, тәжірибе кезінде атқаратын ролі мүлде басқа екенін де түсінесің. Ал институтта бізге оны үйреткен емес», - деп күледі Баталов.

«Кез келген бизнес, ең алдымен, адамдарға, ал екіншіден – жүйелі тәсілдерге байланысты, - дейді кәсіпкер – Еліміз үшін аса маңызды болып саналатын кәсіби біліммен, тек қана саналы және табысқа ұмтылған адамдар айналысу керек. Сонда ғана бізде болашақ бар деген сөз».

Райымбек Баталовтың өмірінде маңызды орын алып отырған жанұясы:әйелі және алты баласы. Үлкені 23, ал кенжесі 8 айлық.

- Сіз 90-шы жылдардан не алар едіңіз?

- Әр ұрпақтың өзіндік 90-шы жылдары бар. Бұл мен үшін күш-қуатым мол, тәжірибелік жүгім аз, жастық шағымның уақыты. Алаңғасар әрі тылсым жастық шақ қайта оралып келмейді. Менің жолым болды, өйткені мен несие алуға, мойныма міндеттер жүктеуге қорықпайтынмын. Жақсы мағынада мен жанкешті болатын едім. Шын мәнінде,  90-шы жылдары бизнеспен айналысу оңай болатын дегенмен, ол кездің өзіндік қиындықтары да: рэкет, қарақшылықтан бастап, білімсіздік пен тәжірибесіздік болды.  

 - Сіздің арманыңыз бар ма?

- Мүмкін тым шаттанып сөйлегендей болармын, бірақ, Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша дамыған елдер қатарына қосылса екен, сапалы білім алғысы келген адамдар, сол білімді басқа елдерден іздемесе екен деймін. Біз балаларымызды жақсы деген музыка мектептеріне, спорт секцияларына бере алсақ. Меніңше, салауатты өмір салтынсыз, мәдениет пен руханиятсыз бақытты қоғам құру мүмкін болмас.

Другие новости