Алексей Жиленко

Raimbеk компаниясы тағамдық дивизионының IT-директоры
Алексей Жиленко

«RAIMBEK АДАМДАРЫ»

Raimbek қызметкерлерімен компанияның 25 жылдығы құрметіне жүргізілген сұхбаттар топтамасы

«БІЗ  – ШӨМІШІ  ПОРОЛОНМЕН ҚАПТАЛҒАН БУЛЬДОЗЕР СЕКІЛДІМІЗ»!

Алексей Жиленко – Raimbеk компаниясы  тағамдық   дивизионының  IT-директорыҚазір Алексей компанияны технологиялық және ақпараттық тұрғыдан қайта жабдықтауға байланысты жауапкершілігі зор, аса маңызды жұмыстарды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар бәсекеге қабылеттілікті арттырудың негізгі факторы болып табылатынын Алексей Жиленкодан артық түсінетін ешкім жоқ деуге болады.    

- Алексей, бәрі неден басталған еді

- Шамасы жазмыш солай болса керек (күледі), өйткені ол тұста қаншама кездейсоқтықтар болды!   Сайттардың бірінде түйіндемемді орналастырып едім, оны IT-департаменттің сол кездегі директоры  Евгений Бежацкий көріп қалып, мені жұмысқа шақырды. Сондықтан оған айтар алғысым шексіз. Бұл  2004- жылдың ортасында болған еді. Міне сол кезден бері мен осындамын.

Жалпы Raimbek компаниясына келуім менің жеке өміріме айтарлықтар ықпал етті. Осы компания қабырғасында өстім деп айтсам да болады. Raimbekке келгенге дейін мен әр түрлі жерлерде жұмыс істедім, оның ішінде атағы әлемге белгілі компаниялар да болды. Алайда мен тек осында ғана IT дегеннің, басқару дегеннің,  өзара әрекеттесу дегеннің не екенін білдім – мінез құлықтары, көзқарастары,  дүниетанымдары алуан түрлі адамдармен таныстым.  Бұл жер маған өте қызық,  

- Әлі күнге дейін  қызық па?

- Иә, дәл солай. Оған деген қызығушылығымды әлі жоғалтқан жоқпын. Өйткені ол ешқашан жалықтырмайды, ұдайы шабытыңды шыңдайды. Біріншіден, біз алдымызға жаңа мақсат-міндеттердің өзіміз қоямыз, екіншіден, бізге басшылық әрдайым толып жатқан идеялар мен бастамалар ұсынып тұрады, ал бұл бізді ылғи да ізденіс үстінде болуға ынталандырады. Сондықтан біздің ақпараттық жүйе жұмысына қарапайым қолдау көрсетіп қойып, жайбарақат отырған кезіміз ешқашан болған емес.   

2008 – 2009-жылдарға дейін біз негізінен инфрақұрылымды, оның техникалық тірегін дамытумен  айналыстық.  Ал  2010- жыл  IT-департаменттің дәл қазіргі күйінде қалыптасуының бастауы болды. Біз тұтынушыларға деген көзқарасты өзгерттік, сондықтан қазіргі таңда уақыттың көп бөлігін  бизнес және IT-құрамының жұмысын қамтамасыз етуге бөлеміз. Яғни бизнес-үдерістер мен  маркетинг-технологияларға аса көп назар аударамыз. Ал бұл мен үшін  өте қызық.

- Қазіргі таңда Raimbek компаниясының IT-департаментін қалай сипаттауға болады?

- Ол төрт негізгі бағыттан тұрады. Біріншісі – IT-инфрақұрылымы, біз үшін аса маңызды, іргелі дүние, өйткені қалғанының бәрі соған негізделген.

Екіншісі – бизнес-қосымшалар, яғни біздің сауда­-саттық командасына, маркетологтарға көмектесетін BI-жүйелері, мобильдік қызмет. Үшіншісі – ақпараттық қауіпсіздік. Ол іс жүзінде адамдар қауіпсіздігін де, басқа мәселелерді де, сондай-ақ компаньон-сервис пен ақпараттық жүйе ресурстарын да қамтиды. Ал соңғысы – біздің екі-үш жылдан бері web бағыты бойынша, яғни мобильдік қосымшалар саласында өзара әрекеттестікті қарқынды дамытып келе жатқанымыз. Оларды біз өзіміз де аздап құрастырамыз, сараптаманы дамытамыз, қажетті тәжірибе жинаймыз.  

- Жұмысыңызда қиындықтар жиі кездесе  ме?

- Қиындықтар немесе күрделі мәселелер кездесе қалса, оларды шешу арқылы жаңа тәжірибе жинақтайсың. Яғни сен үшін келесі жолы осыған ұқсас жағдай проблема болып табылмайды, өйткені сен оның түйінін тарқату үшін кімді шақыруды, ресурстарды қалай үйдестіруді, қандай білім мен тәжірибенің көмегіне жүгінуді білесің. Мен үшін ең қиыны – мәселенің шешімі кейде тек менің өзіме  ғана байланысты болмайтыны. Міне ең күрделісі осы.   

- Сіздіңше, Raimbek компаниясының басқа компаниялардан айырмашылығы  неде?

- Бірінші айырмашылығы - өзара ықпалдастыққа, ынтымақтастыққа әрқашан ашықтығы. Екіншіден – бұл бәлкім, әлдеқайда та маңыздырақ  болар, – ылғи да өзгеруге, дамуға деген ынта, қабілет және қызығушылық. Өйткені біздің әрқайсымыздың бойымызда толып жатқан стереотиптер бар. Сол себепті дәл осы біздің IT-департамент, соны жаңалықтар енгізе отырып, түрлі тәсілдер көмегімен  адамдарды өзгерістерге ынталандырады. Адамдар кейбір жағдайларда өзгеруге тиіс. Осындай кездері біз кәдімгі бульдозер ролін атқарамыз! Денеге жұмсақ тиюі үшін шөмішін поролонмен қаптаймыз! (күледі) 

Команда өзегінде ұдайы жаңа идеялар ұсынып, соны бастамалар көтеріп тұратын, тәуекелге бара алатын адамдардың болғаны аса маңызды. Ұсынылған идеяның бәрі ойдағыдай іске аспауы мүмкін, алайда біз үшін бағымызды сынап көру аса маңызды. Менің ойымша, біз тәуелекелге неғұрлым көп бел байласақ, жеңіске де соғұрлым көп жетеміз, соғұрлым компания да табысты болады. Жаңа істі қорықпай қолға алу, нар тәуекелге бару – нағыз кәсіпкерлерліктің, кәсіпкерлік рухтың басты қасиеттері.

Райымбек Баталовтың өзі – осындай қасиеттің жарқын үлгісі. Оның тұла бойы тұнған жаңа бастамалар. Бұл идеялар компанияның ішкі жұмысына ғана қатысты емес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компаниядан тыс жердегі көп салаларды да  қамтиды. Ол әрдайым өзі өмір сүретін ортаны кемелдеткісі келіп тұрады, бүкіл әлемді гүлдендіре алмаса да, Алматы қаласын, Қазақстанды көркейту үшін күш-жігерін аямайды.

Әрине, біздің енгізген жаңалығымыз компанияға пайданы дәл қазір әкелмеуі мүмкін деген қауіп жоқ емес. Расын айтсақ, олардың бәрі бірдей пайдалы бола бермейді. Бәлкім бұған «дамудың кейінге қалдырылған нұсқасы» деп қараған жөн болар. Өйткені, бізде сондай жағдай болды да, шартты түрде  айтқанда, біз жаңа жүйелерді 2008- жылы байқап көрген едік. Алайда ол тек арада үш жыл өткенде ғана толыққанды жұмыс істей бастады. Немесе 2009-жылы ойлап тапқан жаңалығымызды тек  2012-жылы  ғана қолданысқа енгіздік. Кейде жаңа идеяны дер кезінде жүзеге асыруға адамдар дайын болмайды, немесе дәл сол кезде компания ресурстарының шектеулі болғандығынан ойлаған істі жүзеге асыру мүмкін бола бермейді.  

- Сіз отбасылық бақытыңызды да осы компанияда тапты деседі, рас па?

- Дәл солай. Менің зайыбым, Ксения Жиленко, ол кезде Ксения Савченко, осында юрист болып істеді. Екеуміз  2007-жылы таныстық, содан бері жұбымыз жазылмай келеді. Бақытты отбасымыз, екі баламыз бар. Алайда, мен де, ол да осы компанияға орналасар кезде көптеген кедергілерге тап болдық. Яғни біздің ешқашан кездеспеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біздің қазір ол туралы ойлағымыз да келмейді.

- Бір жерде бүкіл отбасыңызбен еңбек ету сіз үшін ыңғайлы ма?

- Мен үшін бұл өте жайлы, өйткені үйде емен-жарқын араласуға уақыт бола бермейді. Кейде тіпті бір-бірімізді жұмыста үйдегіден жиі көреміз, жұмыс барысында, үйдегіден гөрі көбірек әңгімелесіп, түрлі мәселелерді шешіп аламыз.

- Компанияға мерейтой қарсаңында не тілер едіңіз?

- Біздің компанияға барлық жағынан да - өндірісте, ақпараттық жүйеде, бизнес-үдерістерінде,  тұтынушылармен өзара ықтымақтастық саласында әрқашан экономикалық көшбасшы болып қалуын тілеймін. Бізге жай тиімді компания болуды ғана емес, өз тиімділігіміздің қаншалықты арта түскеніне ұдайы көз жеткізіп отыру мүмкіндігін тілеймін. Табысымыздың әрқашан өсе беруін тілеймін. Өзіміз осынша жылдар ішінде жинақтаған жүйелер мен деректерді тиімді қолдана отырып, олардың негізінде дұрыс шешімдер қабылдау арқылы шығындарымызды мейлінше қысқартуға қол жеткізуді тілеймін!

FMCG секторының қазақстандық ойыншыларының бәрі бірдей әзірге технологиялар дегеніміз – ұзақ мерзімдік болашақ екенін түсіне бермейді. Жалпы Қазақстанда, әсіресе біздің секторда, технологиялық негізге дәл біздегідей көп көңіл бөлетін компаниялар өте аз. Тіпті әлем бойынша ондай компаниялар көп емес. Түрлі адамдармен араласа жүріп, басқа компаниялар тәжірибесіне жүгіне отырып,  бұл тұрғыдан біз өзімізді өте жақсы сезінеміз деп сеніммен айта алымын.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие истории