Денис Красовский

Денис Красовский

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

 «ӨЗІМНІҢ «ТҮСІНІКТІ» КОМПАНИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН»

Жақсы сатушы болу үшін, сондай қасиетпен туу керек, деп жатады. Raimbek компаниясында туа біткен сатушылар көп, ондайлар болмаса, еліміздегі ең табысты дистрибьютерлік желі құру мүмкін болмас еді. «Бұл өмірге сатумен айналысуға жаратылғандардың бірі» – Денис Красовский. «Сату» сияқты бәсекелестікке толы ортада, екінің бірі  топ-менеджер деңгейіне дейін көтеріле бермейді.  

- Денис, сіздің Raimbek компаниясымен сүйіспеншілік қарым-қатынасыңыз неден басталып еді

- Мен 2000-ші жылы сауда өкілі болып жұмысқа тұрдым да, Қостанайда  Raimbek өнімдерін сатумен айналыстым. Ол кезде тек Juicy, Palma шырыны ғана болатын, ал кейін, "Айналайын" сүті пайда болды. Бүгінде қазақстандық тұтынушылар қоржынында №1 болған, нарықтағы ең ерекше, жаңа, болашағы зор өнім еді. Менің қазіргі жауапкершілік аям – бұл Алматы мен аймақтардағы дистрибьюция.  

- Еліміздің ең ірі қаласында...

- Иә, бұл Қазақстан Республикасындағы ең ірі, ең көп сауда жүретін қала. Бүгінде менің қарамағымда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Шын мәнінде, мұның барлығы елестететіндей тез бола қойған жоқ. Мен 12 жыл бойы аймақтарда жұмыс істедім. Сауда өкілінен бастап, қостанайлық филиалдың басшысына дейін өстім. Одан соң, алкоголь ішімдіктерінің импортымен айналыстым, тек содан кейін ғана, Алматыда жұмыс істеуге қол жетті. Әрине, айтарлықтай қиын болды. Бір мезетте жауапкершіліктің деңгейі қарғып, басқа жұмыс, басқа ауқым пайда болды. Бірақ, атқаратын істің мақсатын түсіне білушілік болды, компания басшылары, ұжым тарапынан жақсы қолдау болды.

- Осы жылдар ішінде ең күрделі болған не?

- Ең күрделісі, тұтынушылардың діліне кілт таба білу. Қанша дегенмен, еліміздің әр аумағындағы адамдардың ділі әр түрлі. Сосын, команда жинап, адамдарды жігерлендіру оңай емес.

- Сіз компанияның табыс құпиясы неде деп ойлайсыз?

- Бәрін кадрлар шешеді. Біздің компанияда әр адамның шамасын ашық бағалайды  және олардың өрістелуіне мүмкіндік береді. Барлығы бір адамдай жұмыс жасайды, онда да, немқұрайды емес, туындап істейді. Туындай отыра, өздері ғана дамып қоймайды, компанияны да дамыта түседі. Әр қайсысына өзін-өзі тануға мүмкіндік беріледі, табыс кепілі деген осы болар.

Шығармашылыққа келер болсақ... Сатуда «ЕТ тәртібі» бар  – ерекшелік-тиімділік, яғни, өнімнің ерекшелігін сатқан кезде, оны сатып алушылар үшін тиімді ете білу. Бір клиент үшін біреуі тиімді болса, екіншісіне – басқасы тиімдірек болуы мүмкін. Міне сонда жаңағы ерекшеліктерді топтау кезінде қиыннан қиыстырып, былайша айтқанда, оларды ұсынуда күшею басталады. Бұл жерде белгілі бір үлгімен істеу мүмкін емес, тек шығармашылыққа жүгінуге тура келеді.

- Бұған үйрену қиын ба?

- Әрине, білімді болу қашан да пайдалы. Мынандай ұқсастық келтіріп көрейін: жазушы болу үшін, ең кемінде жаза білу керек. Жаза білмей, жазушы болу мүмкін емес. Бірақ, сен жазуды үйреніп, жазушы болуың екі талай.

Бұл жерде де нақ сондай. Бастапқы дағды қайткен күнде де қажет. Бастапқы дағды – бұл алдыңғы буындардың жасаған тәжірибесінен алған білімің. Оларды бір іс бастау үшін қолдануың керек. Адам неден бастарын білмесе, онда қажет нәрсені жасауы керек деп жатады ғой, яғни, базалық білімін қолдануы қажет. Бірақ, тағы да қайталаймын, тек базалық біліммен табысқа жете алмайсыз. Сатудағы негізгі ерекшелік – қиыннан қиыстыра білу. 

- Сіз қызметкерді жұмысқа алғанда, қиыннан қиыстыра білетін ерекшеліктерінен басқа, қандай белгілеріне назар аударасыз?

- Ашық, тез тіл табысатын, жауапкершілік қасиеттеріне мән беремін. Жауапкершілік ұқыптылықтан басталады. Кездесулерге дер кезінде келу, бастаған ісін соңына дейін жеткізу, нәтижесі үшін жан ашу: істеген ісін амалдың жоғынан ғана жасап қоймай, мақсатына жету үшін тырысуы маңызды.

- Тұрақтылық жоқ, қазіргі кезде сатумен айналысу оңай емес шығар. Соңғы девальвация аясында, сату көрсеткіштері күрт төмендеп кетті деп көп айтылып жатыр.

- Әрине, сатудың өзі оңай шаруа емес. Қазір біз дағдарысты жеңумен, тұрғындардың тұтыну ерекшеліктерін төмендетумен айналысудамыз, бірақ, шын мәнінде, бұл қиындықтар өткір ойлануға мәжбүрлеп отыр. Бұл қатаң ықпал, белгілі дәрежеде бізге тіпті сай. Неге? Өйткені, оңай жетістіктерге сенгендер, жолда қалып, кәсіпқойлардың жұмыс істеуіне алаңды босатып жатыр.

Басты уәждеме – бұл еңсені түсірмей, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алмаймыз деген ойдан аулақ болу. Мәселенің шешімін табу үшін, бар болғаны жиі кездесулер ұйымдастырып, бар мәселені ашық талқылау. Талқылау барысында, айтарлықтай проблемалардың жоқ екенідігіне көз жетіп, түсіністік туып отырады. Ол көбіне небір психологиялық, моральдық өлшемдерде ғана болады. Шын мәнінде, «сатылудың жаппай түсіп кетуіне» қарамай, көптеген бағыттар бойынша, біз қайта өсу мүмкіндіктерін көріп отырмыз.

- Өзің өсірген қызметкермен айырылысу қиын ба?

- Менің ойымша, біздегі кадрлардың тұрақтамауы жүйелі жұмыс шамасында. Адамдар дамиды, шыны керек, кейде біз адамдардың дамуына ілесе алмай жатамыз. Кей кездері адамдар компанияның екпінімен қатар дамуға дайын болмайды. Сол себепті, тұрақтамау – бұл табиғи оқиғалар ағымы. Бірақ өз басым, жұмыс барысын орындаушылар деңгейіне дейін, жабдықтаушыларға дейін, көлік жүргізушілер, сауда өкілдеріне дейін, көп адамдарды жақсы танимын. Мен танитындардың ктекендерін көрген жоқпын. Бұл менің көзқарасым бойынша, өз пікірім тұрғысынан,  кадрлардың тұрақтамуы аса көп емес екендігін көрсетеді.

- Сіз Raimbek компаниясының басты айырмашылығы неден деп ойлайсыз?

- Үдеріске ұжым болып кірісуінде. Менің көзқарасым бойынша, бұл  уақыттың қалай зуылдап өте шыққанын байқамай, нағыз қызығушылық тудыратын ғанибет. Кейде жұмыс уақыты бітіп кеткеніне қарамастан, біз әлі де іспен айналысып жатамыз: адамдар белсенді, эмоцияға беріліп, пікір таластырып, идеялар ұсынып, нәтижелерін бағалап, дауласып жатады. Бұл барлығының бір үдеріске елігіп кеткендіктерінің нағыз айғағы.

- Сіз өзіңіздің қызмет орныңызды айтқанда, адамдар қандай әсерде болады?

- Мен өзімнің әйгілі компанияның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын.  Ірі және де ТҮСІНІКТІ компанияда қызмет етіп жүргенім жаныма жайлы. Не істеп жатқанымыз өзімізге түсінікті. Біздің бизнесіміз ашық, біздің бизнесіміз бәріне де мәлім. Бұл мақтаныш та, сонымен бірге, ақыл-ойға негізделмеген  батылдық сезім де болуы мүмкін. Неге? Себебі мен Raimbek компаниясында қызмет етемін десең, олардың көзінен: ә, солай ма, түсінікті дегенді байқауға болады. Яғни, бұл олардың көптеген сауалдарына қайтарған жауабың, олар сенімді, батыл екеніңе көз жеткізеді. Міне, осындай сезім туындайды. Батылдық!

- Алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?

- Ол кезде уақыт басқаша болатын. Барлығы да жай еді, адамдарға "дистрибьюция" деген сөз түсініксіз болатын. Басым көпшілігі базарлардың қағидалары бойынша жұмыс істеп, біздің не ұсынып отырғанымызды да түсінбейтін. Шынын айтсам, бастапқыда бұл қалай жұмыс істейтінін өзім де түсінбейтінмін. Маған шегінен аттап басып шығуға болмайтын аумақты сызып берді, дистрибьюциядағы аумақтылық қағидасы– бұл заң. Мен өнімнің негізгі қасиеттерін түсініп бақтым да, сол білгеніммен, дүкендерді іздеп, тауарымызды ұсынуға кірістім. 

Бастапқыда, әрине, тойтарыс болды. Не? Кім? Жиырмадан енді асқан жас жігіт келіп, бірдеңе сатуды ұсынады, сондағы бар болғаны, қолына ұстаған бірнеше фотосуреттер ғана, одан басқа ештеңе жоқ! Суреттермен, қандай керемет өнім, деген зор сүйінішінен басқа түгім де болмады. Білесіз бе, бүгіндері мен сатушылардан «өткізіп жіберу», тыққыштап сату деген сөдерді көп естимін. Шын мәнінде, барлығы да олай емес. Адамдарға өнімнің тиімді қасиеттерін ұсыну керек, сонда ол міндетті түрде сатып алады.

- Алғашқы рет сату күрделі болды ма?

- Кез келген іс сияқты, бастапқыда, әрине, күрделі болды. Бұл саған қажет пе, жоқ па деген шешім қабылдайтын өзгерісті кезең келеді. Ондай сәт менде де болған. Бірақ, кейін, бұл салада көп нәрсе білетін, өнімді татып көрген, өнімге жағымды қарайтын сатып алушылар кездесе бастайды. Сосын, рухың көтеріледі. Одан соң, сен еркін қарым-қатынаста жүрген, түсіністікпен араласатын әріптестеріңнің табысын көресің де, оның қолынан келген іс, сенің де қолыңнан келетіндігін түсінесің. Осының барлығы жігерлендіреді. Содан, ептеп дамуға тырысасың, сол іске жан-тәніңмен кірісіп кетесің де, енді тоқтай алмайсың.

 

 

Другие истории