Наталья Будаева

Маркетинг-менеджер
 Наталья Будаева

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

"RAIMBEKТЕ МЕН ӨЗ БАҚЫТЫМДЫ ТАПТЫМ"

Наталья Будаева - маркетинг-менеджер. Оның жауапкершілік аймағы «дистрибутациялық сауда белгісі» деп аталатын, яғни, Қазақстан аумағында Raimbek компаниясы сатумен айналысатын шет елдік белгілер. Біздің қоржынымыз айтарлықтай қомақты – мұнда таңдаулы алкоголь ішімдіктері мен минералды сулар және басқа да сусындар бар. Ал  Наталья Будаеваның арқасында, міне, он жылдам астам уақыт бойы, компания қазақстандықтар арасында шарап ішу мәдениетін дамытып келеді.

-  Наталья, мұның барлығы неден басталып еді

- Барлығы тосын сыйдан басталды.  Мен компанияға 13 жыл бұрын келдім.  Ол кезде менің трейд-маркетинг, бренд-маркетингте талдаушы ретінде тәжірибем болатын, содан мені Raimbek компаниясына бренд-менеджер қызметін атқаруға шақырды.

Сұхбаттасуды коммерциялық директор Сергей Полухин өткізген болатын, біз әңгімелесіп болған соң, ол маған күтпеген жерден басқа бағытта жұмыс істеуді  -  компанияға келіп, бірақ, мүлде басқа жұмысты, қызметкерлерді дамыту бойынша менеджер болуды ұсынды. Коммерциялық департаменттің қызметкерлерін ынталандырумен айналысу керек болды.  Менде HR бойынша жұмыс істеу тәжірибем жоқ еді, бірақ Raimbek компаниясына жұмысқа тұрғым келгені соншалық, мен лезде келісе кеттім!  Ал жарты жыл өткен соң, маркетингке ауысума мүмкіндік туды да, компанияның бренд-менеджерлер командасының құрамына кірдім.

- Сізді Raimbek компаниясы несімен тартты?

- Ол кезде мен өндірістік компанияның дистрибьюциясымен жұмыс істеп машықтанып алғанмын.  Содан да болар, сапалы өнім шығаратын,  жергілікті ірі  сапалы өндіріске ауысуды қалап жүрген едім.

Мені Raimbek компаниясында өзіне баураған не дейсіз ғой – бұл команда болып жұмыс істейтіндері. Адамдары да, ақпараттары да ашық, кез келген қормен қамтамасыз ете алады. Бұл жерде қай қызметкерге де өз отбасының мүшесіне қарағандай қарап, көмек көрсететін, ол болған жағдай. Оның үстіне, жақсы өндірістік тұғырнамасы да бар. Мен барлық өндірістерінде болдым, көрдім, қызметкерлермен танысып шықтым. Әрине, бұл өте қызықты әрі өзінің ауқымымен, көлемімен сондай әсерлі болды.

Сіз Raimbek компаниясында жұмыс істе келе жатқан 13 жыл ішінде қаншалықты өзгеріс болды?

-  Әрине, компания өсті, жаңа адамдар көбейді, жаңа бөлімшелер көбейді, жаңа бизнес пайда болды, жаңа бағдарлар көбейе бастады. Бұл уақыт ішінде біз пәрменді серпіліс жасадық, өзіміздің өнім қоржынымызды, атап айтар болсақ, соңғы бірнеше жыл бойы өзім айналысқан алкоголь ішімдіктері қоржынын жақсарттық.

Біздің қызметкерлерді оқытуға көп уақыт және жіті назар аударатындары маған өте ұнайды. Уақыт өтіп барады, нарық өзгеруде, жаңа білім талап етіліп жатыр, сол себепті, өздерінің біліктіліктері бойынша қызметкерлер қажетті деңгейде болуларын, компания қадағалауға тырысып отырады.

Raimbek компаниясының мінезі қандай?

-  Біздің компанияның негізін қалаушы Райымбек Баталов оған өз белгісін қалдырған, ол – күшті, қайратты, өршіл, қол жеткізген жетістіктерімен шектелмей, қашанда жаңашылдыққа талпынып отырады. Біз көңілдіміз, әсершілміз, мерекелерді ұнатамыз, ашық-жарқынбыз, және біздің достарымыз көп! 

Компания ішінде ауысулар жиі болып тұрады, қызметкерлер бөлімнен бөлімге, департаменттен департаментке ауысып жатады. Бұл қызметкерлер үшін қаншалықты жайлы?

- Меніңше, бұл серпіліс және өздігінен жетілулері мен дамулары үшін ықпал ететін мейлінше дұрыс тәсіл сияқты.  Біз бір орында тұрмаймыз, бізде былайша айтқанда, жаңа  ортадан тыныс алуға боларлық таза ауа қашанда табылады десе де болады.

Әрине, барлығы ауызбен айтқандай оңай бола бермейді. Мені азық-түлік бөлімінен алкоголь ішімдігі бағыты бойынша ауыстырғанда, үрей ұстамасы өз басымнан да өткен! Қолыңнан ештеңе келмейтін, ештеңе түсінбейтін, сен үшін дұшпандық орта болып көрінетін.  Бірақ, ақыр соңында, не нәрсеге де уақыт, сабырлық керек екендігін түсінесің, сонда барлығы ойдағыдай болары хақ. Мен үшін ішімдіктер саласына ауысу дұрыс әрі дер кезінде болды деп ойлаймын. Жаңа жұмыс тәсілі, жаңа жұмыс кестесі, мүлде жаңа жұмыс орны, мүлде жаңа өткізу арнасы. Сол кезде мен үшін өте қызықты және өзекті болған көптеген жаңа адамдар, жаңа таныстықтар еді. Мен әлі күнге дейін осы бағытта рахаттанып жұмыс істеп келемін.

Сіз болашақ жұбайыңызбен де осы Raimbek компаниясында танысыпсыз ғой?

- Дәл солай, біз жұмыста таныстық, ол IT-де қызмет етті, бізге компьютерлер жөндеуге көмектесетін (жымияды). Алғашқы танысуымыз солай болған, ал жеке қарым-қатынасымыз, ол компаниядан кетіп, өз ісін ашқаннан соң ғана басталды. Біз бір-бірімізді сағынатынымызды,  бір-бірімізді жиі көргіміз келетінін сезіп, түсіне бастадық. Содан отбасын құрдық, қазір балаларымыз өсіп жатыр. Мен алаңдамай декретке шығып, қайтып келе алатынымды білемін, өйткені, мені компания қашанда күтеді.

Сіз компанияның табысты болуына қосқан жеке үлесіңізге қандай баға бере аласыз?

- Мен үшін ең үлкен үлесім, менің көз алдымда өсіп-өнген шарап қоржыны болып табылады. Оның өркендеу мүмкіндігі әлі де ауқымды.  Менің ең мақтан тұтарым осы. Компанияның қосымша гүлденуі мен дамуына дәл осы сала өз үлесін қосты деген сенімдемін.

- Сіз үшін кәсіби бақыт неде?

- Қонақта, мейрамханалар немесе дүкендерде адамдар сенің компанияңның өнімдерін қалап алып жатса, сол кәсіби бақыт болып саналады. Мәселен, кеңесші сатып алушыға әлдеқандай өнімді ұсынған кезде, ол: «Жоқ, рахмет, мен Juicy шырынын немесе «Айналайын» сүтін аламын» десе, болмаса, біз әкелетін шарапты таңдаса, сол кезде мен өзімді бақытты санап, мақтанамын. Яғни, менің еңбегім зая кетіп жатқан жоқ деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие истории