Пресс-центр

10/11/2017
Спорт

Спорт

СПОРТ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Raimbek компаниясы үшін спорт және салауатты өмір салты бірінші орында. Біз әуесқой және кәсіби спортты қолдаймыз әрі салауатты өмір салтын жақтаушыларды тартамыз.

Райымбек Баталовтың өзі кезінде кәсіби спортшы болған, көптеген жылдар су астында жүзумен айналысқан, бүгін де велосипед жарыстарына белсенді қатысып, үлкен теннис және тау шаңғысымен шұғылданады. Қазақстандық велоспорт федерациясының вице-президенті.

2016-шы жылдың наурыз айында, Алматының жас спортшылары Raimbek компаниясы жас спортшылар үшін сыйға тартқан,  45 жаңа велосипедке ие болды.

2014-ші жылы Алматы қаласы мен Алматы облысы спорт мектептерінің тәрбиенушілерімен, әйгілі спортшылар Фабио Ару, Александр Винокуров және «ProreamAstana» велошабандоздарының бірлескен жаттығулары өткізілді. Жас шабандоздар «Медеу» мұз айдынында орналасқан мәреге таулы бағыт бойынша, өздерінің «ProteamAstana»-дан келген кәсіби әріптестерімен бірге 10 километр қашықтықты қатарласып жүріп өтті. 

Raimbek компаниясының қолқанат етуімен Астанадағы спорт интернаттың балалары  «Тур Алматы -2014»  веложарысын тамашалады – жас спортшылар халықаралық ауқымдағы жарысты өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, Raimbek компаниясы «Қазақстан оқушысы-2014» дәстүрлі веложарысының демеушісі болып, оның жеңімпаздары «ProteamAstana» командасының дайындығына Еуропаға жіберілді.

2016-шы жылы Райымбек Баталов Қазақстандағы эко-туризмді дамыту және велоқозғалысты біріктіру әрі қолдаудың ашық қоғамдық платформасы болып саналатын, VeloFriends қоғамын құруға бастамашылық жасады. VeloFriends қоғамының басты мақсаты – еліміздегі велоқозғалысты дамытудағы жаһандық мақсаттарды тиімді іске асыру үшін, күш пен бастаманы біріктіру. 
Қоғамдастықтың тұрақты құрамы мен төралқасы жоқ, бұл бастамаға кез келген тілек білдіруші қосыла алады.

Сондай-ақ,  2016 жылы велосипед спортын дамыту бойынша аттас қоғамдық қор құрылды. Оның басты мақсаты – Қазақстанда әуесқой велосипед спортын қолдау, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту, велобағдарларды жайластыру, велосипедттерді экологиялық транспорт ретінде қолдау т.б. болып табылады.

2017 жылы қор Алматы облысында жаяу жүргіншілерге де, велосипедшілерге де ұнайтын таулы аймақтарда бірнеше  бағдарлар жабдықтады. Олар –  Талғар шатқалындағы «Ақбұлақ» және Алмарсан шатқалындағы «Жапондық жол».

Біз алматылық велоактивист Александр Габченкоға велосипед көлігін дәріптеуге мүдделі және оны қалаларда  қауіпсіз әрі ыңғайлы қолданудың барлық жақты қатынастарының платформасы болып табылатын, Мәскеулік екінші халықаралық велоконгресске баруына көмектестік.

Raimbek компаниясы веложарыстарға қаржылық көмек көрсетіп отырады. Соның ішінде,  2017-ші жылы біз «Джейран Трофи» (Алматы облысында жыл сайын өтетін бірнеше күндік мтб веложарысы. Жарыстың қашықтығына 250 километр жүріп өту кіреді және үш күн бойы 5 000 метрлік сарқырамадан өту кіреді) он жылдық мерейтолық веложарысына қолдау көрсеттік.

Екі мен жеті жас аралығындағы балалар үшін Tourde Kids 10-шы балалар велосипед жарысын қолдады. Жарысқа 200-ден астам балалар қатысты.

2017 жылдың тамыз айында біз құрамына дара бәйге, топтық бәйге және критериум бәйге сияқты үш тәртіп кіретін «Шебер» категориясы ойынша ардагерлер мен әуесқойлар арасында өткен тас жолдағы велосипед жарысының ҚР үшінші ашық чемпионатының бас серіктес болдық.

2017 жылдың жазында біз Alatau Racing Challenge бәйгесі – Іле Алатау бөктеріндегі Сұлусай кентінің аймағында өтетін орта деңгейлі дайындыққа бағытталған кросс-кантри түрі бойынша әуесқойлық велосипед жарысын қолдадық.

Нашар көретін жиырма велосипедшілер қатысқан «Спорт без границ» қоғамдық қорының Алматы – Ыстықкөл велосипед жарысын қолдадық.

2017 жылдың қыркүйек айында біз Алматы облысы, Талғар ауданында, Кивилев атындағы мектепте ашық велосабақ өткіздік. Оған 50 шақты жас велосипедшілер қатысты, ал жаттығуды көптеген МТБ чемпионаттарының жеңімпазы Кирилл Казанцев өткізді.

2017 жылдың қараша айында біз Alatau Kok-Tobe Race әуесқой бәйгесін қолдадық. 50-ден аса қатысушылар күрделі өрлер мен техникалық түсе берістері бар жолдардан жүріп өтті.

2017-ші жылғы велосипед мауысымын біз AlmatyBroTeam, AlatauRacingTeam, ВелоХалык тағы басқалары сияқты әуесқой велокомандалармен бірге жаттығулар жасап аяқтадық. Қатысушылар 50 шықырымнан астам тас жолы және қара жолдардан өтіп, Медеудегі мәреге келіп жетті.

2017 жылы Velo Friends қоры Алматы мен Астана қалаларының велосипед спортына құмарлар үшін  көптеген кездесулер өткізді, Астанадағы «Сарыарқа» кәсіби велотрегінде веложаттығулар ұйымдастырылды, Алматының спорт залында ЖДД-жаттығулары өтті.

Другие новости