Пресс-центр

10/11/2017
Мәдениет

Мәдениет

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР

Raimbek компаниясы әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев және Алматы Симфониялық оркестрімен бірігіп музыкалық жоба ұйымдастырды: 2014-ші жылы Нью-Йорк қаласында алматылық оркестрдің гастролі өтті. Карнеги-Холл сахнасында қазақстандық музыканттар Дженкинстің «Абай» және «Шәкәрім» шығармаларын орындады.

Алматыда Астана, Тараз, Ақтау, Омбы, Алматы қалаларынан келген жас музыканттар үшін Марат Бисенғалиев шеберлік дәрістерінің бірнеше топтамасын өткізді.  

2015 жыл. Raimbek компаниясының қаржылық қолдауымен 1828 жылы Генрих-Юлиус Клапрот ғылыми қоғамға ұсынған әйгілі ескерткіштің орыс тіліндегі басылымы (барлық мәтіндері мен сөздіктері кірген)  XIII – аяғы мен  XIV ғасырлардың басындағы түрік тілді ескерткіші –Codex Cumanicus іргелі еңбегі басылып шығарылды. Кодексте тарихтағы ең ерте кезде алғашқы рет қыпшақ-құман-сары қыпшақ тілдеріне аударылып жарық көрген   47 түркі жұмбақтары ұсынылған. Кітаптың авторы – әйгілі түріктанушы-ғалым Александр Гаркавец.

2017 жылдың жаз айында Raimbek компаниясы белгілі филолог, жазушы, Қанат Тасыбековтың Рудный Алтай, Монғолия, СУАР Қытайдағы этникалық қазақтар тұратын ауылдарға этнографиялық экспедиция жасауына демеуші ретінде қатысты. Экспедицияның басты мақсаты — зРесей, Монғолия, және Қытайдағы қазақ қауымдарының өмірімен танысу. Қанат Тасыбеков Қазақстаннан тыс тұратын үлкен этностың өмірі туралы баяндап берді.

Другие новости