Пресс-центр

12/12/2018
РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ: БІЗДІҢ ВЕЛОСПОРТҚА ЖАНЫМ АШИДЫ

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ: БІЗДІҢ ВЕЛОСПОРТҚА ЖАНЫМ АШИДЫ

VeloFriends қоғамдық қорын қалаушы және Қазақстандағы вело қозғалысының ең басты белсендісі, сондай-ақ, велосипед спортынан Қазақстан федерациясының бірінші вице-президенті әрі Азиялық конфедерациясында лауазымы жоғары орын алып отырған  Райымбек Баталов (Raimbek Batalov) 2018-шы жылдың қорытындысын шығарды.

Баталов мырза өз әңгімесін: - VeloFriends  қоры Алматы облысы мен Талғар қаласы әкімдектірмен бірлесіп, Талғарда халықаралық жоғары стандартты BMX трассасын салды және VeloFriends Supercross Open Cup жарысын да өткізді, - деп бастады. – Бұл әуесқойлар жарысымен  қатар өткізген Қазақстан Кубогы болатын және де біз мұндай шараларды шын мәнінде қатар өткізу керектігіне көз жеткіздік. Менің ойымша, бұл Қазақстанда ВМХ-ның дамуына түрткі болатын айтарлықтай оқиға, өйткені, жақын уақыттан бері бұл дисциплина олимпиадалық болып отыр.  Сондықтан Қазақстан да дұрыс ыңғаймен жұмыс істесе, жақын болашақта олимпиадада алтын алқаларға үміт арта алады.

Қазақстанда ВМХ-ны өзінің ұлттық командасы бар бөлек дисциплина ретінде дамыту мәселесін біз қазір Олимпиадалық даярлау орталығы және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірігіп, велоспорт Федерациясында қарастырып жатырмыз. Енді бізде Астанада, Текеліде және Талғарда өз трассамыз бар, қазір алдымыздағы жылға арналған ВМХ бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстар кіретін жалпы күнтізбесін құрастырудамыз. Менің айтайын дегенім, біз VeloFriends  қорын жоқ жерден ашып, Қазақстанда ВМХ-ның дамуының негізін қаладық. Бұл маңызды.

Сонымен қатар, біз маунтинбайкке арналған трасса да салдық. Енді ол Қапшағайда бар, және де жақын күндері ол жерде еліміздің чемпионаты өтті.

Мен балалар мен жасөспірімдердің велоспортын дамытуға ерекше көңіл бөлу керек деп есептеймін. Биылғы жылы  VeloFriends қоры «Беговело» жобасын бастады. Бұл еліміз бойынша бала-бақшаларда  бөбектерге беговел тебуді үйрететін секциялар құру. Біз бала-бақшаларға беговел жинақтамасын, дулығалар және үйретуге қажетті жабдықтар – сан түрлі төбешіктер мен бөгеуілдер сыйлаймыз, сонымен қатар, жаттықтырушыларды оқытамыз. Беговелдер балалардың велосипедке деген қызығушылықтарын тудырып, үйлестік икемін дамыту үшін оңды нәрсе. Беговелоға 2 жастан бастап үйренуге болады, оған икемденген балалар 5 - 6 жасқа қарай екі доңғалақты велоспиедті тебе беретін болады. Мен бұл жобаны бастап, іске асырып жатқанымызға шексіз қуаныштымын. Биылғы жылы Алматы, Астана, Шымкент және Талдықорған қалаларындағы бірнеше бала-бақшалар болса, келесі жылы – одан әрі қарай аймақтарға шығамыз. Ең басытыс – біз ол үшін инфрақұрылым жасаудамыз. Методикалық материалдар бар, жаттықтырушыларды оқыту жүріп жатыр, олар аймақтардан келген, осы мәселеге байланысты еліміздің түкпір-түкпірінен, басқа қалаларынан бізге келуде.

Біздің Федерацияда бұрыннан талқыланып жүрген идея – бұл халықаралық тректегі жарыс «Silk Way Series» - Жібек жолы Кубогы ұйымы да іске асты. Биыл Омбы, Астана, Пекинде жарыстар өтті. Ресей, Қазақстан, Қытай және Армениядан спортшылар қатысты. Келесі жылы біз турнирді бұдан да қызықты әрі толымды етіп өткіземіз. Оның үстіне, 2019-шы жыл олимпиада өтетін жылдың қарсаңы болғандықтан, спортшылар үшін рейтингілік ұпайлар жинау аса маңызды.

Биылғы жылы біз Талғарда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан еліміздің чемпионатын екінші рет ұйымдастырдық. Ал келесі жылға әуесқойлар арасында бірінші Азия чемпионатын өткізуге лицензия алдық. Алматы облысында осымен бірнеше жыл қатарынан беделді халықаралық Gran Fondo Kazakhstan әуесқойлар веложарысы табысты өтті. Бұған облыс әкімдігі өкілдері мен облыстық велофедерация басшысы Серик Тұрдалиев (Serik Turdaliyev) көмек көрсетіп жүр.

Биылғы жылы әуесқойлар бастауын қолдау бойынша VeloFriends өз дәстүрін жалғастырды. Alatau Racing Team ұйымдастырған Tour de Kids, Беговеложарыс, VeloFriends Junior, Джейран Трофи, МТБ Кубогы, нашар көретін спортшылар қатысқан «Астана-Париж» веломарафоны өткізілді.  Біздің қолдауымызсыз әуесқойлар деңгейінде өтетін жарыстар жоқтың қасы.

Біз Талғардағы Андрей Кивилев атындағы БЖСМ-ін материалдық жағынан қолдап отырамыз.Биыл жазда ВМХ-ға арналған велосипедтер сатып әпердік.  «Ақбұлақ» шипажайында веломектеп филиалын аштық, ол жерге төңіректегі ауыл балалары жазылып қойды.

Инфрақұрылымдық мәселеге келетін болсақ, менің айтайын дегенім, ҮАК бойындағы жолдарды жөндеп, велоәуесқойлар велосипед айдасын деген идеямыз да іске асып жатыр.

Экотуризм инфрақұрылымына арналған қозғалысымызды да жалғастырудамыз. Алматы өңіріндегі туристік компаниялар Қауымдастығы (АТКАР) аясында,  Velofriends  қоры Қаскелеңнен Түргенге дейін таулы кластер құру бойынша жұмыспен айналысуда. Оған көп уақыт кетеді, десе де, біз осы аумақтағы туризмнің дамуы дұрыс бағдар бойынша жүргізілетін мықты негіз қалап жатқанымызға сенімдіміз.

Мен бұл істен табыс таппаймын, керісінше, өз қаржымды, уақытымды кетіріп, жан-тәнімді саламын. Барлығына жүйелі түрде қарауға тырысамын.  Барлығы да маған және менің командама байланысты емес, бірақ, біздің арманымыз жүзеге асып келеді. Жоспарымызда беговелоны жүзеге асыру болған – біз оны дамыта бастадық. Әуесқойлар жарысын қолдағымыз келіп еді - біз оларды қолдап жүрміз. Ол бізсіз болар ма еді? Мүмкін болар да еді, бірақ велоқұмартшыларға бізбен жеңілірек. Қолдауымыздың арқасында бұл бастамалар сақталып, дамуда, және де ертеңгі күні VeloFriends көмектеседі деген кепіл бар. Бұл оларға сенімділік береді. Және ең бастысы – біз күннен күнге велоқозғалысқа қосылушылар қатарының көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз.

Другие новости