Пресс-центр

09/12/2015
i-news.kz
Raimbek,  Beeline және Satel Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша «Үздіктердің Үздігін» марапаттады

Raimbek, Beeline және Satel Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша «Үздіктердің Үздігін» марапаттады

Өткен жұма күні Алматыда Raimbek Group, Beeline Қазақстан және Satel Жур.F.A.Q. журналистердің тәуелсіз бірлестігінің нұсқасы бойынша «Үздіктердің Үздігін» таныстырды.

Төртінші жыл сайынғы Жур.F.A.Q. байқауында келесі аталымдар бойынша жеті жүлде табыс етілді: «Үздік редактор», «Үздік журналист», «Үздік фотожурналист», «Үздік PR-маман», «Үздік оффлайн БАҚ», «Үздік онлайн БАҚ» және «Үздік блогер».

Осы жылы үміткерлерді ұсыну қаңтарда басталды. Байқауға 100-астам үміткер ұсынылды. 2015 жылғы 18 тамыз бен 5 қазан аралығында өткен, дауыс берудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, ең көп дауыс жинағандар таңдалды. Дауыс беруге жалпы 781 адам қатысты. Дауыс берудің екінші кезеңінде 2 548 адам дауыс берді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Екі кезең – еркін онлайн-дауыс беру кезеңі.

Жеңімпаздар:

Дмитрий Шишкин («Литер»газеті) –«Үздік редактор» номинациясы

Виктор Бурдин (Forbes.kz) –«Үздік журналист» номинациясы

Павел Михеев («Литер» газеті) –«Үздік фотожурналист» номинациясы

Андрей Мануйлов (Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі) –«Үздік PR-маман» номинациясы

«Литер» газеті – «Үздік оффлайн БАҚ» номинациясы

«Vласть» интернет-журналы – «Үздік онлайн БАҚ» номинациясы

Алишер Еликбаев –«Үздік блогер» номинациясы.

Үздіктердің үздігіне атаулы дипломдар мен байқау серіктестері: Beeline Қазақстан, Raimbek Group және Satel сыйлықтары берілді.

«Осы жылы «Жур.F.A.Q. – Өзекті ақпараттар орталығы» жобасына 6 жыл толды. Алғашқы үш жылда Жур.F.A.Q. пікірлестердің үйірмесі тәрізді әлеуметтік желідегі ұйым болды. Бірақ 2012 жылы жетекші ұялы байланыс операторы Beeline Қазақстан жобаның серіктесі болған сәттен бастап Жур.F.A.Q. жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда біз барлық ақпараттық кәсіптер мен салалар үшін жетекші диалог алаңы болып отырмыз. Қатармызда үш мыңнан астам адам бар, олар: блогерлер, PR-мамандар, жарнама агенттіктерінің қызметкерлері, журналисттер, редакторлар, фото және видео-операторлар, сондай-ақ жалпы-медианың техникалық жұмысшылары бар. Жыл сайын өтетін «Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша Үздіктердің үздігі» бәйгесі жобаның бірегейлігін арттыруда. Қазақстанда байқаулар мен бәйгелердің көптеген түрлері өтуде. Бірақ, «Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша Үздіктердің үздігі» бәйгесінің олардан айырмашылығы өте көп. Біріншіден, біз республикалық немесе халықтық байқаулар атағына таласпаймыз, екіншіден, біздің барлық номинанттарымыз өздігінен анықталады, үшіншіден біздің байқау ең әділ және ангажирленбеген, төртіншіден, әріптестердің мойындауы қандай да бір басқа байқауда жеңіске жеткеннен де маңыздырақ... Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша Үздіктердің үздігі» бәйгесі құрылған сәттен бастап, Beeline Қазақстан мен Raimbek Group холдингі тарапынан жан-жақты қолдау тауып келеді. Бұдан бөлек, қолдау шарасына жыл сайын жаңа компаниялар қосылуда. Мысалы, осы жылы байқау демеушілерінің бірі ретінде Satel.kz компаниясы қатысты. Мұндай ірі бизнес тарапының Жур.F.A.Q. жобасынан қызығушылық танытуы, менің ойымша, жобаның бірегейлігінің, пайдалылығының және маңыздылығының куәсі. Өз тарапымнан Жур.F.A.Q. жобасының барлық серіктестеріне, әсіресе Beeline Қазақстан компаниясына Жур.F.A.Q. жобасының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамын», — деп «Жур.F.A.Q. нұсқасы бойынша Үздіктердің үздігі» жобасының жетекшісі Руслан Бахтигареев өз ойымен бөлісті.

Ресми бөлім аяқталған соң, бәйге демеушілері жүлделерінің ұтысы өтті, содан соң музыкалық тосынсый ретінде Ева Бехер мен «Кино и немцы» тобы өз өнерлерін көрсетті.

Другие новости