Пресс-центр

28/01/2016
ТЕННИС ОЙНАУ  ЕШҚАШАН ДА ЕРТЕ БОЛМАЙДЫ

ТЕННИС ОЙНАУ ЕШҚАШАН ДА ЕРТЕ БОЛМАЙДЫ

Балалар спортын дамыту  – өте қымбатқа түсетін, бірақ аса маңызды іс.  Әдетте, мемлекеттің қолдауы жетіспей жатады, сол себепті, жас спортшыларға көмекке отандық бинес келеді.

Сондай сәтті мысалдардың бірі ретінде, екі жылдан астам уақыт бойы серіктес болып жүрген, Қазақстан теннисі Федерациясы мен Raimbek холдингінің ынтымақтастығын айтуға болады. Raimbek  компаниясының қолдауымен, елімізде «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы іске асуда.

«10 жасқа дейінгі теннис»  – бұл балалар спортын дамытып, әлемдік теннис алаңында,  еліміздің намысын қорғай алатын спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған бағдарлама. 2015 жылы «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы,  «12 жасқа дейін тенниспен айналысатын,  балаларға арналған жасөспірімдік бастама»  атты халықаралық ITF бағдарламасына кірді.

Әзірге, 5 жастан 10 жасқа дейінгі кішкентай теннисшілер, өз күштерін нағыз ойында көруге мүмкіндік алды, бірақ, оларды үлкен теннистің тәртібін арнайы  икемдеп және сәбилерге ыңғайлы ракеткалар, доптар, торлармен қамтамасыз етті.

Бұл құралдардың барлығы дерлік, Raimbek компаниясының қаржысына алынған. Соның арқасында, енді Қазақстан бойынша барлық  жас теннисшілер, өздерін теннис алаңы жұлдыздары ретінде сезіне алатын болып отыр.

«10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы туралы, әйгілі қазақстандық теннисші Александр Недовесов былай дейді:

«10 жасқа дейінгі теннис» - бұл он жасқа дейінгі теннисшілерге дәріс беретін ITF жетілдіріп дамытқан бағдарлама.  Аталмыш бағдарлама өте қажет, өйткені жасөспірімдерге тенниске деген қызығушылық туғызу – аса маңызды. Балалар жаттығуларға асқан ынтамен бару керек. Қазақстанда аталмыш бағдарлама бойынша, жылына жүзге жуық сайыстар өткізіледі екен. Бағдарламаның тиімді екені анық. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл барлық елдерде айтарлықтай түрткі болыпты. Қазақстан теннисінің Федерациясы, балалар теннисіне көп көңіл бөледі. Бүгінгі таңда, тенниспен шұғылдануға кез келген аймақтарда  керемет теннис орталықтары, тәжірибелі бапкерлер, арнайы құрал-жабдықтар бар».

«10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасының басты идеясы – оқу үдерісін жастайынан бастау. Сол себепті де, аталмыш бағдарлама өз жұмысын Қазақстанның әр өңіріндегі  бала- бақшалардан бастады. Бүгінде еліміздің 50-ге жуық  бала- бақшаларында сәбилер теннис ойнайды.

Бағдарлама дайындықтың: қызыл, жасыл және сарғылт деген үш түрінен тұрады.

Қызыл деңгейдегілер 5 – 8 жастағы балалардың: кішкентай кортта, қысқа ракетканы қолданып, жеңіл доппен ойнайтын түрін.

Жасыл деңгейдегілер 8 ден 10 жас аралығындағы балаларға бағытталған жаттығу түрлері. Ойын үлкен кортта өтеді, доп тез ұшады, бірақ, соққының аймағы қолайлы әрі тактикалық қимыл үшін ыңғайлы.

Сарғылт деңгей үлкен теннис алаңында, тез ұшатын доппен (кәсібимен салыстырғанда, мұндай доп, әлбетте баяу әрі төмен ұшады) сайысатын 9 - 10 жастағы балаларға арналған.

«10 жасқа дейінгі теннис» бағадарламасының аясында, жас спортшылар атышулы қазақстандық теннисшілермен кездесіп, бірге теннис ойнауға мүмкіндік алады. Өзінің Астанадағы  шеберлік дәрісі туралы Андрей Голубев былай дейді:

«Маған Астанадағы шеберлік дәрісте бір бала өте ұнады. Меніңше, 3-3,5 жаста көрінеді, ол өте жоғары деңгейде ойнады, мен үшін бұл таң қаларлық жағдай болды. Жалпы айтайын дегенім, «10 жасқа дейінгі теннис» бағадарламасы – бұл өте маңызды бағдарлама, өйткені, тенниспен 5 - 6 жастан бастап шұғылданған дұрыс. Бұл кезде баланың үйлестілігі мен техникалық икемі қалыптасады, сол себепті, Қазақстанда бұл бағдарламаға жіті назар аударып отыр.Корттар мен теннис базаларын көбірек салу керек. ҚТФ бұл жерде көп нәрсеге қол жеткізді, теннис орталықтары Қазақстанның кез келген өңірлерінде бар, және бұл қунтарлық жағдай. Адамдардың теннис ойнатйын мүмкіндіктері қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Көптеген теннисшілердің: «Ауламызда корт болатын, мен сонда барып үйренгенмін...», - деп айқтандарының талайын естіп жүрмін. Біздің спорт неғұрлым көпшіл болса, соғұрлым жақсы. Ал әрі қарай, белгілі баланың бойындағы мүмкіндіктерді көре біліп, оның дамуына үлесін қоса алатындай, жақсы бапкерлер керек. Бұл оңай үдеріс емес, бірақ оны да бастан өткеру керек».

Айтпақшы, қазірдің өзінде, балаларын үлкен корттың жұлдыздары ретінде елестетіп отырған ата – аналардың құлақтарына алтын сырға,  –  ҚР теннисінің бас бапкері  Муро Михал, республика бойынша дарынды балаларды іріктеуді жүргізіп жатыр.  Қазақстан құрамасына шақырып, ең дарынды балалар үшін, теннистен жалпы және ЖФД дайындық өткізуде. Болашақта Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасын ұсынатын да сол бапкер.

Қазақстан теннисі Федерациясының болашақтағы жоспары – 2016 жылы арнайы төрешілер алқасын құру және 10 жасқа дейінгі балаларға арналған қысқы және жазғы чемпионаттар ұйымдастыру.

2015 жылы Raimbek  компаниясының қолдау көрсетуімен, Қазақстанда «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша,  90 рет Junior  жарысы өткізілді. Сайыс кезінде, қатысушылар өздерінің күш – жігерлерін, Raimbek Bottlers  компаниясы жетілдірген және құрамында балалардың дені сау болып өсіп, жақсы дамуына әсер ететін, витаминдер мен минералдар басым, Junior шырынымен қолдады.

Другие новости