Баспасөз Орталығы

09/02/2017

Алматы алмасы мен Есік қызанағы – енді Juicy шырынында

Көптеген қазақстандықтар жақсы көретін Juicy шырыны биылдан бастап жергілікті шикізаттан өндірілетін болады, ал жаңа жылдық дастарқандарыңызды, «Алматы алмасы- Juicy» және «Есік қызанағы- Juicy» шырындарымен жайнатып қоя аласыздар. Оларды бүгіннен бастап дүкендерден сатып алуларыңызға болады. Топтама шектеулі, сондықтан Raimbek компаниясының жаңа өнімін татып көру мүмкіндігін пайдаланып қалыңыздар.