Тарихы

Раимбек Баталов

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы

1992

Raimbek компаниясының тарихы 1992 жылы кішігірім сауда фирмасынан бастау алады, сол кезде ол Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария мен Гонконгтан тұрмыстық техника жеткізумен айналысатын.

1998

RaimbekBottlers компаниясы апельсин, алма және томат дәмі бар үш түрлі Juice шырындарын өндіру желісін іске қосты.
Компания басынан бастап трейдерлер көмегінен бас тартып, қойылтылған шырын шығаратын әлемдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнықтырды. Соның арқасында, өнімді өндіру барысы кезеңінде, оның сапасын бақылап, тұтынушыларға делдалдық комиссиясыз, таза бағамен ұсынуға мүмкіндік берді.

2000

RaimbekAlco компаниясы құрылды, оның қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанға таңдаулы алкогольді ішімдітерді эксклюзивті жеткізу.
Бүгінгі таңда, RaimbekAlco –ның серіктес пакетінде әлемге әйгілі: Bacardi-Martini, BrownForman, Tommasi, CastelloBanfi, LesGrandsChaisdeFrance, Concha y Toro, тағы басқа да алкоголь ішімдігін өндірушілермен келісімшарттар бар.
RaimbekAlco қазақстандық тұтынушылардың сенімін жоғары бағалайды, сол себепті де, Қазақстан Республикасының алкогольді өнімдерді адал импорттаушы «АлкоИмпорт» қауымдастығының белсенді мүшесі, осының өзі компанияның жоғарғы мәртебесін және бизнесті жүргізудегі жауапкершілік қатынасын дәлелдеп отыр.

2001

RaimbekAgro сүт өнімдерін шығаратын, атап айтса, ультрапастерленген, табиғи сиыр сүтін өндіретін жаңа зауытын іске қосты. Өндіру барысында ол температуралық өңделіске түсіп, стерильді жағдайда қорабтарға құйылады. Өндірістің барлық саласында тазалық сақтауды ерекше бақылау және қабылданатын сүтке деген жоғары талаптардың арқасында, өндірілген сүт өнімі қалыпты жағдайда 9 ай бойы сақталынады.

2003

2003 жылы Raimbek Group холдингі сыртқы нарыққа қадам басты. Қытайда Raimbek Food (XINJIANG) Co. Ltd компаниясы құрылды, ол қытай нарығы үшін шырын өндірумен айналысты. ҚХР-да бұл бірінші қазақстандық өзінің жеке 100% капиталымен кірген компания болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт қытай кәсіпкерлеріне сатылған еді.

Бүгінде

Бүгінде Raimbek Group – бұл ірі, сәтті дамып келе жатқан холдинг, оның қызметінің басты бағыттары – азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлшектеп сату. Бірінші күннен бастап-ақ компания бизнес үлгінің сол кездегі Қазақстан үшін инновациялық дамуына бағыт алған: өз қызметкерлері, өз қорлары, өзіндік өндіріс, өз басқаруы болды. Raimbek Group холдингісіне кіретін компаниялар Қазақстан экономикасының дамуына маңызды үлесін қосқан еді, әрі ең бастысы - Қазақстан, Орталық Азия, Ресей және Кавказ елдерінде танитын біздер өз өнімдеріміздің жоғары сапасымен тұтынушыларды өзімізге баурап алдық.