Құрылымы

RAIMBEK AGRO

Raimbek Agro зауыты 2001 жылы іске қосылды. Ол Қазақстанда ультрапастерленген сүт өнімін шығаратын бірінші зауыт болды.

Raimbek Agro зауыты 2001 жылы іске қосылды. Ол Қазақстанда ультрапастерленген сүт өнімін шығаратын бірінші зауыт болды.

Raimbek Agro-ның негізгі сауда белгісі – «Айналайын» сүті –өз саласындағы көшбасшы, «Жыл таңдауы» республикалық байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы.

«Айналайын», «Милоко» сауда белгілері астындағы сүт өнімдерін шығару заманауи Тetra Pak фирма желісімен жасалады.

2011 жылы зауытта жаңа Tetra Gemina Aseptic қаптау желісі орнатылады, ол отандық нарықта қайталанбас. Ал бір жыл өте өндіріске келіп түсетін табиғи сүтті қадағалауды жақсарту үшін

MilcoScan заманауи жабдықты қолдана бастады, ол 90 секунд ішінде 10 түрлі сараптама жасау мүмкіндігін береді.

Алдағы уақытта холдингтің осы бөлімше жоспарында – өндірісті өз шикізатымен қамтамасыз ету, соған қоса айран мен сусынды йогруттарды шығару бойынша жаңа желіні іске қосу.

РАИМБЕК-АЛКО

«Раимбек-Алко» беделді алкогольді сусындарды Қазақстанға эксклюзивті түрде жеткізеді.

«Раимбек-Алко» беделді алкогольді сусындарды Қазақстанға эксклюзивті түрде жеткізеді. Компания серіктестері – бүкіл әлемге әйгілі алкоголь өнімдерін шығаратындар: Bacardi-Martini, Brown Forman, Tommasi, Castello Banfi, Les Grands Chais de France, Concha y Toro, Gallo Family Vineyards және басқалары. «Раимбек-Алко» біздің елімізде барлық спиртті сусындар санатындағы беделді брендтердің толық қатарын ұсынуда.

Компания Қазақстан тұтынушыларының сенімін жоғары бағалайды, сондықтан «АлкоИмпорт» Қазақстан Республикасының Алкогольді өнімінің адал ниетті импорттаушылар ассоциациясының белсенді мүшесі болып табылады.

Импортты алкоголь нарығында «Раимбек Алко» 30% үлесті иемденеді.

CITY FAIR TRADE

City Fair Trade компаниясы 2003 жылдан бастап Қазақстанда IDS Borjomi Georgia (Грузия) өнімінің ресми импорттаушысы болып табылады
City Fair Trade компаниясы 2003 жылдан бастап Қазақстанда IDS Borjomi Georgia (Грузия) өнімінің ресми импорттаушысы болып табылады, соның ішінде бәріне әйгілі емдік қасиеті мен көпжылдық тарихымен танымал Borjomi минералды суы.

ALMA PRODEX

Оның қызметінің негізгі бағыттары – алма, өрік, шабдалы мен қара өрік сияқты жемістерді өсіру болып табылады.

Alma Prodex компаниясы 2007 құрылды. Оның қызметінің негізгі бағыттары – алма, өрік, шабдалы мен қара өрік сияқты жемістерді өсіру болып табылады.

Алма бақтары мен жеміс плантациялары Алматы облысының Ұйғыр ауданының Бахар кентінде орналасқан.

Жалпы ауданы 20 га бақтар қарқынды технологиялар бойынша бөлініп, тамшылы құнарландыру жүйесін қолдануда.

Жыл сайын Alma Prodex 200 тонна алма мен сүйікті мәдениеттерді өсіреді. Өнім Қазақстанда , соған қоса шетелде де сатылады. Болашақта жеміс бақтары аудандарын ұлғайту, ауылшаруашлық өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу инфрақұрылымдарын құру жоспары бар.