ЖАСТАР
Біз, Raimbek компаниясында, жас кәсіпкерлерді қолдаудың маңыздылығын басқалардан да жақсы түсінетін шығармыз. Өйткені, экономиканың болашағы солардың қолында. Сол себепті, қазірден бастап, алғыр студенттерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, халықаралық ENACTUS Kazakhstan қозғалысымен серіктестік орнатып отырмыз. 2015 жылдан бері райымбек Баталов осы ұйымның директорлар кеңесін басқаруда.
ENACTUS – бұл белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды біріктіретін халықаралық бейкоммерциялық ұйым. Олар бірігіп, мұқтаж болған адамдардың өмір деңгейі мен сапасын арттыру үшін, кәсіпкерлік тәсілдерді қолданады. Ұстаздары мен бизнес-көшбасшыларының қолдаумен, ENACTUS студенттері өздерінің жобаларын әлем бойынша іске асырып жүр.
Жыл сайын ENACTUS Kazakhstan аясында өтетін ұлттық чемпионатқа Raimbek компаниясы «Қазақстанды қала тамақтандырамыз» деп аталатын арнайы республикалық байқау ұйымдастырды.
«Жастар – Қазақстан болашағының ең мықты күш-қуаты, оны қолдау еліміздің үдерісінің инвестициясы болып табылады. ENACTUS аясында жұмыс істеп жатқан жетекшілік Институты, бизнестің әрекеттегі көшбасшылары жинаған тәжіриелерін жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Әлем бойынша алпыс мыңнан астам студенттер, табысты бизнес-үлгілер мен кәсіпкерлік тәсілдерді қолдана отырып, аталмыш жобаны іске асыру үстінде», - деп Raimbek компаниясының басшысы Райымбек Баталов атап өтті.
2016 жылы қымыздан «KoumIce» балмұздақ жасайтын жобамен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Қазақстанды қалай тамақтандырамыз» байқауының жеңімпаздары атанды. Олар Raimbek компаниясынан 1 млн теңге ақылы сыйлық алды.
2017 жылы біз жүлделі орындардың санын көбейттік. Байқаудың жеңімпаздары 1,5 және 1 млн теңгеге ие болды. Олар «Инновациялық жылыжайлар» жобасымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері және «Женттен жасалған печенье» жобасымен академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы.
2017 жылы «Enactus Kazakhstan» ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне серіктес болды.
ENACTUS Kazakhstan студенттер жобаларының ұлттық чемпионаты 2018 жылдың көктемінде Астана қаласында өтеді.