ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ТОПТАРЫ
Raimbek компаниясы, Қазақстанның Қызыл Жарты айына, параолимпиадалық комитетке, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, балалар үйіне және тұрмысы нашар отбасыларына әрдайым көмек көрсетіп тұрады.
2017-ші жылы Raimbek компаниясы өздері өндіретін «Айналайын» сүтімен «НҰР» жанұялық балалар үйін қамтамасыз етуді мойындарына алды. Біз денелері толық дамуы үшін, балаларды сапалы өніммен қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз.
Қайырымдылық «Нұр» жанұялық балалар үйі 1998-ші жылдан бері мемлекеттің көмегінсіз, ұйымдар мен жеке тұлғалардың жанашырлық жәрдем етуімен келеді. 15 жылдық ғұмырында балалар үйінде жас аралығы мен ұлты әр түрлі 340-тан астам балалар тәрбиеленуде.
Бүгінде «НҰР» үйінде 110 бала бар. Олардың 60 орта техникалық, арнайы, сонымен қатар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер.
«SOS Балалар ауылы» - мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым, 60 жыл бойы балалардың мұқтаждықтары мен құқықтарының мүдделерін қорғап жүр. Қамқорлық орталығы ұйымында отбасынан, ата-аналар бақылауы мен қамқорынан айырылған, және де қолайсыз отбасылардың балалары тұрады. Raimbek компаниясы балаларды сүт және шырындармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша демеуші ретінде көмек көрсетеді.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін шаралар өткізетін Special Olympics Kazakhstan қозғалысының ұйымына да жүйелі түрде көмек көрсетіп отырады.
Raimbek компаниясы «ДОМ» қорының демеушісі ретінде де қолдау көрсетеді: қаржылай көмек береді, өнімдері мен жасаған көмектерінің арқасында қордың қажеттеріне одан да көп назар аудартады. «Айналайын» сүтінің қаптамасында кез келген көмек көрсетуге ниет білдіруші смс-байланыс арқылы қалаған сомасын аударатын нөмір жазылған.
«Бақыт өз қолыңда» қоғамдық қоры мен «Reliance» тұрмысы төмен отбасы балалары және мүгедек балаларды қолдау үшін көптеген меркелік шаралар ұйымдастырады. Әр мереке сайын балалар Raimbek компаниясынан сыйлық ретінде шырындар алып отырады.