Басшылық

Сергей Владимирович Полухин

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі, басқарушы серіктес, тағамдық дивизионының бас директоры

Өзінің еңбек жолын «Вечерняя Алма-Ата» газетінде тілші қызметінен бастады, одан кейін аталмыш басылымда жарнама бөлімін басқарды. «Акцепт» компаниясының жарнама және маркетинг бойынша вице-президенті, «Раимбек» ЖШС-ын алға бастыру және жарнама директоры болды. Кейін «PepsiKazakhstan» -ның аймақтық сауда департаментін басқарды, одан соң, RaimbekBottlers пен RaimbekAgro, сондай-ақ «РаимбекАлко» пен «CityFairTrade» дистрибуторлық компаниялардың коммерциялық директоры болып тағайындалды.

«Pepsi», «7 UP», «Mirinda», «AquaMinerale», «Jacobs», «Dilmah», «Borjomi» сияқты халықаралық ірі сауда белгілерін қазақстандық нарыққа шығаруда, сондай-ақ, сыйлықақылы алкогольды сауда белгілерін алға бастыруда жұмыс тәжірибесі жоғары.

«Raimbek компаниясында жұмыс істеу өз-өзімді тануға, дамуыма, қызықты адамдармен танысып, қызметтес болуыма мүмкіндік береді», - дейді Сергей.

Көп оқығанды жақсы көреді, жүгіру, велосипед тебу, сноуборд тебу, йога сияқты спорт түрлерімен айналысады.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Сергей Полухин

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі, басқарушы серіктес, тағамдық дивизионының бас директоры