Гүлмира Башаева

Гүлмира Башаева

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

«САНДАР МЕН ЕСЕПТЕМЕЛЕР ТҮСІМЕ КІРЕДІ»

Гүлмира Башаева, біздің айдардың басқа да кейіпкерлері сияқты, Raimbek құрылғаннан бері қызмет істейді. Қарапайым есепші болып бастап, бүгінде Raimbek компаниясының тобына кіретін «Арзан» бөлшек сауда желісі қаржысы да Гүлмираның  жауапкершілік аймағы болып отыр. 

- Гүлмира, мұның барлығы неден басталып еді

- Raimbek компаниясына мен сонау 1992 жылы келдім. Ол кезде бұл көп салалы холдинг емес, сол уақытта тапшы болған аудио- және  бейне таспа аппаратураларын, кеңсе жабдықтарын сатумен айналысатын  "Раимбек" деген аты бар, шағын, жеке өндіріс болатын. Бұл әрине, өте күрделі, бірақ өте қызық кез еді. Барлығы да енді ғана құрылып, қалыпқа келе бастаған уақыт болатын, оның ішінде, нарықтық қатынастар мен жеке бизнес те. Мен компанияда есепші болып бірнеше жыл жұмыс істедім де, декретке шықтым. Одан соң КИМЭП-те оқуым болды, шет елдік компанияда жұмыс атқарылды. Холдингіге «Арзан» бөлшек сауда желісін басқаратын «Оптовый клуб» ЖШС-ның қаржы директоры болып,  2009 жылы қайта оралдым.  

 - «Арзан» үшін 2009 жыл жеңіл болған жоқ...

- Иә, мен шынымен де «Арзанға» айтарлықтай күрделі кезде келдім, экономикалық дағдарыстың нағыз қызған уақыты болатын. Біз тіпті өзіміздің негізгі дүкендерімізді жабуымызға мәжбүр болдық. Бірақ, басшылық бизнесті сақтап қалуды ұйғарды да, әлі күнге дейін аяқталмаған сауықтыру кезеңін бастады. 

- Ретейлде жұмыс істеу қаншалықты күрделі?

- Білесіз бе, қаржы қай жерде де қаржы, бірақ ретейлде біз тез арада бақылауға алуға міндетті арнайы нәрселер көп. Бизнес өте серпінді: бізде күн сайын сауда-саттық, күн сайын айналым болып тұрады. Әрине, сосын да бизнес тиімді жұмыс істеуін бақылау керек болды. Кадрлар мәселесі де күрделі – Қазақстан бойынша ретейл мамандары жоқтың қасы. Бірақ біз дамып келеміз – және де бұл маңызды. Былтырғы жылы, ірі объектілерден бөлек, біз үшін жаңа үлгідегі екі жаңа дүкен, супермаркет аштық. Басшыларымыз біздің алдымызға тек Алматы қаласы бойынша ғана емес, басқа да аймақтарда кем дегенде бес дүкен ашу керек деген міндеттер қойды.  

- Сіз компанияның табысыт болуына қосқан жеке үлесіңізді қалай бағалар едіңіз?

- Егер жеке үлесімді атап айтар болсам, онда компанияның жабылуы қаупі төніп тұрған  2009 жылды еске алар едім. Күрделі болды деп айтсам, түк айтпағандай боламын! Десе де, біз аман қалдық, тіпті екі аяғымызды тең басып қала алдық. Әрине, бұл команданың үйлесімді етіп жасаған еңбегінің арқасы, ал мен соның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын.

- Қызық, үйге қайтқанда, жұмысыңыз  сізді «жібере» ме? Неше түрлі сандар түсіңізге кірмей ме?

- Әрине, кіргенде қандай!(күлімсірейді) Бұл қалыпты жағдай. Әсіресе, жылдық есеп беру кезінде...

- Raimbek компаниясының табыс сыры неде деп ойлайсыз?

- Компанияны жасайтын адамр ғой, солай емес пе? Бізде басынан неше түрлі жағдайды өткерген  аса өміршең, аса ұйымшыл команда бар. Барлығы да беріле жұмыс істейді. Кез келген жағдайға шапшаң төтеп беретін екпінді, заманауи мамандар. Өйткені іс үстіндегі бизнесте не нәрсе де болуы мүмкін.

Компания сауықтыру кезеңіне кіргенде, барлығы да екіұшты, түсініксіз болып тұрған кезде, бұл жағдайда,  бізге мынаны былай жасайсыңдар деп алдымызға мақсат қойып, шешім қабылдап, компанияның, холдингінің басшылары көмектесті. Міне, сол сенімділіктері, батылдықтары бізге де әсер етті. Біз орнымыздан тұрдық та, соның барлығын іске асыра бастадық.

- Сіздің ұғымыңызда, 25 жылдан соң компания қандай болады?

- Ох, 25 жыл ма? Менің ойымша, компания одан әрі дамып, кеңейе түсу керек сияқты. Мүмкін біз жаңа бағыттарға беталармыз – өмір бір жерде тоқтап қалмайды ғой. Біз бәсекелесуге қабілетті болуға, клиенттерге бағытталуға тырысамыз, және ешқашан да өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді ұмытпаймыз.   

Другие истории