Матвей Животовский

Raimbekтің тағамдық дивизионының экспорт бойынша директоры
Матвей Животовский

 

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

БІЗДІҢ ӨНІМДЕРДІ АҚШ ПЕН АФРИКА САТЫП АЛҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ 

Матвей Животовский – Raimbekтің тағамдық дивизионының экспорт бойынша директоры. 90-шы жылдардың ортасында оның бизнесін құрумен айналыса бастаған компанияның байырғы қызметкері.

-  Матвей, Raimbekке жұмысқа қашан келіп едіңіз

- Бұл 1996 жылы болатын, мен университетті тәмамдап, экономист мамандығын алған едім. Ол кезде Raimbek компаниясының PepsiCo-мен бірлескен бизнесі болатын.  Мен тренингтен өтіп, аумақтық өкіл ретінде Астанада, ал кейін жалпы еліміз бойынша жұмыс істедім. Кейін менде үзіліс болды да, Лондонда оқыдым, оқу біткен соң, компанияға қайтып оралдым. Менің жауапкершілік аумағым – экспортты дамыту. Экспорттық кеңсе Астана қаласында орналасқан, орталықтан біздің негізгі нарықтарымызға жету ыңғайлы – Новосібір, Екатеринбург, Қазан, Мәскеуге тікелей рейстер бар.  

Ал қазірде Raimbek компаниясының экспорттық нарығы қандай?

- Дәл қазіргі уақытта бұл Ресей, Краснодардан бастап, Томск және Красноярға дейін,  Уралдан бастаймыз. Сонымен бірге біз ірі ресейлік Дикси желісімен жұмыс істейміз. Бұл Санкт-Петербург, Мәскеу және орталық Ресей бойынша үш мың дүкен. Сонымен қатар, біз өз өнімдерімізді Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолияға жібереміз. Қазіргі уақытта, заңнамалары мен баж салығы жағынан проблемалар болып жатса да, Қытайға тиелім жүріп жатыр. Сондай-ақ, біздің тауарлар Грузияда да сатылуда. 

- Raimbekтен шыққан тауарлардың, біздің компанияны танымайтын шет елдерде осыншама табысты болуы неде екенін түсіндіріңізші.

- Әрине, біздің тауарлар бір қарағанда басқа да өндірушілердің тауарларынан аса ерекшелене қоймайды. Қазір нарық жаһандастырылған, өндірушілердің барлығында  дерлік бірдей технология, бір шикізат жеткізуші бар. Бірақ, басқа жағынан қарар болсақ, мәселен, автокөлік компаниялары-  MercedesBenzке де, BMW-ға да доңғалақ немесе автокөлік әйнегін шығармайды. Оның барлығы жиынтықтардан құралған, ал компанияның өзі тек дизайн, маркетингпен айналысып, өз өнімдеріне дем береді. Бізде де барлығы солай. Біз жай ғана шырындар мен сүт сатып қоймай, өз философиямызды сатамыз. Өнімге өзіміздің демімізді береміз, күшімізді береміз, эмоциямызды береміз. Ал адамдар соны сезеді де, содан бізді сатып алып жатады. 

- Raimbekтің экспорты қай бағытта дамитын болады?

- Мұның барлығы логистикалық шығындарға байланысты болады. Мәселен, бізде АҚШ, Вьетнам, Африка, Батыс Еуропа елдерінен көптеген тілек білдірушілер бар. Бірақ, өкінішке орай, біз тауарларымызды ол жақтарға жібере алмаймыз – жеткізуге кететін шығын өте үлкен, біздің тауар бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Бұл тұрғыда, біз үшін ашық елдер, Сібір, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан. Олар жақын көршілес елдер және де, оларды біздегідей сапасы жоғары өндіріс жоқ.

- Егер де осыдан 20 жыл бұрын келген компания мен бүгінгіні салыстырсақ, айырмашылығы айқын ба?

- Әрине! Мен келген кезде, бізде тіпті жеке өндірісіміз де болған емес. PepsiCo мен ЖӨ болды да, біз олардың өнімдерін Қазақстан аумақтарында сатумен ғана айналыстық. Ал қазір Raimbek- Қазақстандағы ең атақты компаниялардың бірі. Барлығы дерлік бізді таниды, біздің өнімдерді біледі. Біз – ірі өндірушіміз, ірі импортермыз, біз елімізге жаңа технологиялар, жаңа өнімдер әкелеміз және адамдарға дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз. Компания айтарлықтай өсті, масштабталды, ұжым әжептәуір жаңарды. Бірақ, басында келген ұйытқы болып жүрген мүдделестер сол қалпында қалды.

- Егер де Raimbek компаниясын адам деп елестетер болсақ – ол адамның мінезі қандай дер едіңіз? 

- Албырт, жедел, жалынды адам. Көшбасшы!

Сіздің ойыңызша, компанияның табыс сыры неде?

- Кез келген бизнес, кез келген бағыт, тіпті ең табысты деген компанияның өзінде оңтайлы бола берері тарихта жоқ. Біз бірнәрсе шығарғанда, ол тұтынушыларға, адамдарға, нарыққа ұнайтын болады деп ойлаймыз. Шын мәнінде, кей кездері ол басқаша болып шығады.

Raimbek үшін табыстың басты ықпалы – бұл, әрине, команда. Сонымен қатар – қалыптан тыс ойлай білу, бизнеске жаңашылдық енгізу. Сосын, әрине, тәуекелге бел байлай білу. Біздің жұмысымыздың барлығы дерлік -тәуекел, коммерциялық тәуекел, онсыз табысқа қол жеткізу мүмкін емес. 

Сіздің қызметіңіздегі ең күрделісі не?

- Форс-мажорлар болып тұрады, сосын валютаның күрт төмендеуі, нарықтың төмендеуі сияқты дағдарыстар да бар, сол кезде дұрыс рецепт таба білу керек, жаңа қозғалыс, дамудағы жаңа вектор, осыны өз серіктестеріңе, өз қызметкерлеріңе, өз қызметтестеріңе түсінікті етіп жеткізе білу керек. Қиын кезеңде адамдарды жарқын болашаққа сендіру – ең ауыры осы.  

Сіз компанияға қосқан жеке үлесіңізді қалай бағалар едіңіз?

- Мүмкін бұл ерсі  естілер, бірақ білесіз бе, мен осы қызметке келгенге дейін, «экспорт» деген түсінік компанияда мүлде болған емес. Қазірде экспорт – бұл компанияның өндіріс көлемінің 10 % құрып отыр. Бұл таныла білу, бұл біздің өнімдердің көршілес нарығында орын алуы. Міне, осының барлығы менің және Raimbek командасы жұмысының нәтижесі. Маған өз жұмысым ұнайды. Мен адамдармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Өр мақсаттарды қойып, ең бастысы – соларға қол жеткізуді жақсы көремін. 

 

Другие истории