Марина Ким

Бренд-директор
Марина Ким

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

ЖАСТАР КОМПАНИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУДІ АРМАНДАЙДЫ, АЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  БАҚЫТТЫ.

Компаниядағы аса жауапты қызмет бренд-директор. Raimbek компаниясы өндірген: сүт болсын, шырындыр, сусындар немесе айран сияқты барлық тауарлар үшін жауап береді. Бүгінде Raimbek портфелінде жеті сауда белгісі бар, болашақта тағы бірнеше жалғасы болмақ, солардың барлығына жауап беретін бренд-директор Марина Ким.

- Марина, сіз компанияға қалай келдіңіз

-  Мен Raimbek компаиясына 2003 жылы келіп қосылдым. Бірден келе салған жоқпын, бір жылдай ойландым. Есімде, 2002 жылы коммерциялық директор қызметін атқарып жүрген  Сергей Полухинмен кездестім. Сөйтіп, ол кісінің ұсынысынан бас тарттым. Ол кезеңде, менің жергілікті де, шет елдік компанияларда да қызмет жасаған тәжірибем болатын. Мен үзілді-кесілді бас тарттым, өйткені, жергілікті компанияда жұмыс істеуді әбестік деп санаған едім.

Сергей сонда маған қалжыңсыз: «Мәселе сенің жергілікті дұрыс компанияда жұмыс істемегендігіңде. Мен сені қалағаныңша күтемін» деген сөздері әлі күнге дейін есімде.

Содан, бір жыл өткен соң, мен Raimbek компаниясына келдім. Әлі күнге дейін осы жерде қызмет атқарып жатырмын!

-  Сізді қандай орынға шақырып еді?

-  Мен қарапайым маман ретінде бастадым. Ал біз  Bacardi-Martiniмен жақсы келісімшартқа отырғанда, бренд-менеджер болдым да, міне, енді он  жылға жақын уақыт, дистрибуторлық сауда белгілерінің портфелін дамытумен айналысып келемін. Нақ сол кезде, менің маркетолог ретіндегі кәсіби мансабымның қызықты бөлігі басталды. 

Біз ол кезде жақсы деген өте көп келісімшарттарға отырдық. Бізге әйгілі чилилік шарап жасаушы ConchaYTora компаниясы «кірді». Біз BrawnForman, сондай-ақ,  JackDaniel's вискиі,  Finlandia арағы, Herradura текиласы және де басқа сауда белгілерінің портфельдеріне ие болдық.

Қазір мен бренд-директор қызметіндемін. Өзіміздің жеке меншік сауда белгілері:«Айналайын»,«Милоко», Juicy, Junior,Palmaмен айналысамын. Бұл, әрине, мүлде басқа. Тіпті жауапкершілік деңгейінің өзі де бөлек.

-  Жергілікті компанияда жұмыс істеу «әбестік» дейтіндей, неден қорқтыңыз?

-  Қазір мен еш айырмашылығын көріп отырған жоқпын (күледі), ал сол кезде, егер шет елдік компаниялардың жұмысы толығымен құрылған, нақты белгіленген, үдерістері түсінікті болса, керісінше, жергілікті кіші-гірім, жанұялық компанияда мүлде басқа ережелер болатын шығар деп ойладым.

Ішінара солай болды да. Мұнда шапшаңдық көп болды, біз ұтқырлау болдық. FMCG компаниясында, рыноктың сұранысына байланысты неғұрлым шапшаң әрекеттенсең, соғұрлым биіктерден көрінуге мүмкіндік пайда болады. Жеңіске де жете аласың. Әрине, қиындықсыз да болған жоқ. Мен нақты не үшін жауап беретінімді түсінбеген кездер де болған: мынаған да жауап беретін сияқтымын, анау үшін де жауап беретін сияқтымын, бұл да менің мойнымда! (күледі).  

Бірақ, мен жұмыс істеген уақыттан бастап, компания айтарлықтай өзгерді. Біз кішкентай жанұялық компаниядан, құрылымдығы айқын, барлық үрдістер әрекет жасап жатқан, еуропалық басқару тәсілдерін қолданып жүрген холдинг дәрежесіне дейін қалыптасу жолын өттік. Компанияның меңзеп отырғаны әр қызметкер үшін түсінікті, әр бөлімше үшін мақсаттар айқын.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Raimbekтің табыс сыры неде?

-  Біздің табыс сырымыз – бұл бейімделген менеджмент. Бұл жергілікті жағдайға бейімделген шет елдік менеджмент пен еуропалық компаниялардың тәжірибесін жылдар бойы жинап, өз тәжірибемізбен ымыраластыру. Сосын әлбетте, біздің табысымыз – бұл біздің жұмысты бірегей жүргізе білуімізде.

Raimbek компаниясында қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз деп ойлайсыз?

-  Менің ойымша, мұндай ірі холдингіде команданың көмегінсіз, жетістіктерге жекелей қол жеткізу мүмкін емес. Жалпы, компаниядағы табысты кейстің соңында бөлек бір тұлға емес, кез келген қызметкер мен оның еңбегі тұрады. Бірақ бұл тұрғыда менің жолым болды – әр кез қасымнан кәсіби, білікті қызметтестерім табыла білді.

Компаниядадағы қызметіңіз кезінде сіз үшін ең қиын болған не

-  Күрделі сұрақ... Білесіз бе, мен үшін компаниядағы «үдерістік» енгізуді бастан өткізу ең қиын болды. Бұл кітаптарда жазылған классикалық жағдай болды. Шын мәнісінде, жанұялық компания бар. Он жыл бойы ұжымымыз да өзгерген жоқ, сол тұрақты қалпында болатын. Ал ішкі қағидаларды өзгертетін үдерістікті енгізгенде, оны бастан кеше білу керек. Әдетте мұндай кезде, әдебиетте классикалық түрде бейнеленгендей, қызметкерлердің  70% шыдамай, компаниядан кетіп қалады.

Бұл органикалық даму мен органикалық сұрыптау болып саналады. Біз басқарудың үдерістік тәсіліне көшкен сол үш жыл, өте күрделі, біз бейімделгенше қиын болды... Әрине, сенде штатта елу адам болса, оларды басқару оңай, ал қызметкерлердің саны мыңнан асып жығылған жағдайда, үдерістікті қолданудан басқа амал жоқ.

Қазіргі кезде барлығы жеңіл әрі оңай деп айта алмаймын, бірақ, десе де, ең қиын кезеңнен біз өттік. Бүгінде компания аяғын нық басып, алға қадам басып келеді.

-  Жұмысыңызда сізді аса қуантатын не?

-  Маркетолог үшін ең қуантарлық – бұл жаңа келісімшарттарға отыру. Бүгінде Raimbek компаниясының беделі жоғары болғандықтан, әлемге әйгілі сауда белгілері бізбен бірге қызмет жасағалыра келеді. Біз тізімде №1 болып тұрмыз. Біздің өнімнің дистрибуциясымен айналысасыздар ма, деген ұсыныстар күн сайын көптеп түседі. Бұл біздің компания нық тұр деген сөз. Әрине, біздің өз сауда белгіміз рынокта жетекші орында болғаны, мені, бренд-директор ретінде қуантпай қоймайды.

-   25 жылдан соң Raimbek компаниясы қандай болады деп ойлайсыз?

-  Өркендеуші болары сөзсіз! Жастар мұнда жұмыс істеуді армандайды, ал қызметкерлері бақытты.

Жалпы, рынокта Raimbek, әсіресе мансабын енді ғана бастағандар үшін жұмыс істеуге тұрарлық компания болып саналады, басқа сөзбен айтсақ, егер де сен Raimbek компаниясында жұмыс істеген болсаң, сен үшін басқа жерде қызмет жасау мүмкіншілігің мол болады деп саналады. Ол рас – менің командамнан шыққан көптеген адамдар, қазір басқа компанияларда табысты өсу үстінде.

-  Сіз қызметкерді өсіресіз, ал ол болса, кетіп қалады. Онымен айырылысу қынжырарлық емес пе?

-  Әрине, қынжырарлық! Тіпті жаныңа да батады. Бірақ, бір жағынан қуантарлық та: адам даму керек, адам тек алға басу керек!

 

Другие истории