Гүлнар Беймішева

Raimbek Agro зауытының ауысым шебері
Гүлнар Беймішева

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

«СҮТТІҢ САПАСЫНА МЕН  ӨЗІМ ЖАУАП БЕРЕМІН»

Гүлнар Беймішева - RaimbekAgro зауытының ауысым шебері. Жаңа зауыттың ең алғашқы қызметкерлерінің бірі. «Айналайын» және «Милоко» сауда белгісі бар сүт өнімдерінің сапасы дәл осы адамға байланысты

- Гүлнар, сіз RaimbekAgro зауытына қалай келдіңіз

- Мен Семей технологиялық институын «сүт өнімдері өндірісінің технологы» мамандығы бойынша бітірдім, әр-түрлі өнеркәсіптерде жұмыс істедім. 2001-ші жылы, біздің кентте (Алматы облысы, Өтеген батыр кенті), тура үйдің іргесінде жаңа сүт зауыты ашылатындығы туралы білдім. Мұндай оқиға бізде, Жетісуда, дәл қасымызда орын алып жатқанына өте-мөте таң қалдым... Әрине, бардым! Білімім сәйкес келіп тұр, жұмыс та қажет, міне, осындай жағдайлардың тоғысуы болды. Маған, зауыт ашылады, әзірше салынып жатыр деді. Құрастыру жұмыстары кезеңінде, мен RaimbekAgro зауытына жұмысқа тұрдым. Тәжірибем болуы себепті, мені ауысым шебері қызметіне шақырды.

Құрастыру жұмыстары біткен соң, танкілер, өндірістік желілер құрылды да, игердуі бастау керек болды. Жабдықтарды жуып, алғашқы келіп жеткен сүттердің партиясын қабылдап, зарарсыздандыру жұмыстарын жасап, өнеркәсіптік залалсыздыққа қол жеткізіп – өндіріске кірісу керек. Менің қуанышымда шек болмады – мен қолымнан келетін іспен айналыса бастадым! Мен жұмыс істедім! Мен өз ісіммен айналыстым!

- Бүгінде сіздің күнделікті міндеттеріңізге не жатады?

- Менің міндеттерім – бұл тәртіпті бақылау, жұмыстарды ұйымдастыру және сапалы тағамдарды өндіру. Біз цехты ауысым кезінде, өндіріс кезеңі жүріп жатқанда қабылдаймыз. Біздің ауысым: өнім, жұмыс істеп тұрған жабдықтар, барлық цехтар бойынша күзет орындарын, санитарлық жағдайын қабылдап, материалдық құндылықтар бойынша салыстыру жүргізіп, алдыңғы ауысымнан эстафетаны алады. Өндіріс жоспарын алып, сүттерді пастерлеп құямыз. Әлбетте, дайын өнімнің стандарттарға сәйкестігін тексереміз. Мен қызметкерлердің тәртібіне де, санитарлық бөлімді де, жабдықтардың түгелдігіне де жауап беремін.  Қазіргі кезде қарамағымда 18 адам бар. Олар шын мәнінде әлі бала (күлімсірейді). Қазіргі оператор, менің балаларымнан 10 жас шамасында кіші!

Жас балалар келеді. Оларға: жұмысыңды адал істе, мына аппаратураны ұқыпты ұста, деп үйретеміз, қатал  талап етеміз! Міне зауыт, міне цех  – мұның барлығына асқан ұқыптылықпен қарау керек – біз мұнда ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ келдік! Райымбек бізге жұмыс берді, мұның өзі көп нәрсе! Сол себепті – адал қызмет ет.

Сіз институт бітірген соң, бұдан да қарапайым жабдықтармен жұмыс істедіңіз ғой?

- Әрине, кеңестік кезінің, басқа жабдықтармен істедім! Мен өндіріске алғашқы рет келгенімде, технологиялар басқаша болатын. Бірақ біз кезінде жақсы оқыдық– сол біліміміз әлі де өз пайдасын әкелуде. Бүгінгі таңда, техникалық бөлігі, электрондық салындылары –мүлдем жаңа. Бірақ, мен өзім жауап беретін сүттің қай жақтан екенін және қай жерге баратынын нақты білемін (күледі)!

Біз бірінші рет өндірген сүттің алғашқы партиясы әлі есімде. Шаруа қожалығынан көлік келді. Біз 4 тонна сүтті қабылдадық, оны жүйелендіріп, алғашұы сүттің 2 772 пакетін шығардық. Неліктен мұндай айырмашылық? Қанша дегенмен, бірінші құрал-жабдық қой, өзі жап-жаңа, жүргізіп сынадық, бейімделдік. Ағын тоқтап, сүтті төккен жағдай да болды.

Алғашқы сүтті өндіріп, микробиологиялық зертхананың инкубаторына жеткіздік.  5 күн сақтадық. Бұл 2001-ші жылдың  26-шы желтоқсан күні болатын. Мейрам біткен соң, зарарсыздығын, қаңтар айында тексердік. Есімде, барлық партияны,  ол 2772 пакет,  барлығын аштық та, дренажға төгіп тастадық! Ішіміз удай ашыды әрине, бірақ солай істеу керек болды! Тексеріп көріп едік - 100-пайыз зарарсыздандырылыпты! Сосын, 15-ші қаңтарға қарай, өнім ағымы жүре бастады. 

- Сізге бұл жерде жұмыс істеген қызық па?

- Қызық! Қызық, өйткені өнім Қазақстанда шығарылады!  90-шы жылдардың басында бәрі құлап, құлдырап бара жатқандай болды. Өндіріс те жоқ. Осындай күйреуден кейін, ойламаған жерде қазақстандық өндіріс пайда болды! Өндіріс өсіп, жаңа құрал-жабдықтар қойылып, Райымбек қыруар қаржы бөліп жатыр. Ал біз осы бір зауыттың бастамасының куәгері болып отырмыз, қалай қызық болмасын?

- Сіз жақсы мамансыз. Бәсекелестер еліктірген жоқ па?

- Жоқ, мені бұл цех қашанда ұстап тұрады! Әрине, басшылармен келіспеген сәттер де болды, неше түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Менің қаталдығым үшін үстімнен шағымданады. Шынын айтсам, адамдар менің қатал мінезіммен, көп талап қоятындығыма үйренген (күледі). Мен немқұрайлы қарай алмаймын! Күйеуім маған күледі, ол коммунистердің отбасынан шыққан, ата-анасы мұғалім болған адамдар... Маған ауысымды мінсіз етіп тапсыру керек. Санитарлық жағынан да, жоспарды орындауда да, ешқандай төтенше жағдайлар болмауын қадағалауда да, адамдар жаман жағдайға қалмауды бақылау да маңызды. Осының барлығын мен тапсырып, қабылдап, 12 сағат жұмыс істеуім керек... Көлемді де орындап, келеңсіз мәселелердің болмауын қадағалап, ешбір ескертпесіз өткеруім қажет.

Мен әрқашан да, барлығына айтатыным: RaimbekAgro өнімдері сапасының төрттен бір бөлігі үшін мен жауап беремін – бізде төрт ауысым жұмыс істейді, ал мен, солардың бірінде шебер болып қызмет етемін!

- Өнім сіздің өзіңізге ұнай ма?

- Әрине! Мен қашанда «Айналайын» сатып аламын. Бұл міндетті түрде! Ал қазір біз айран өндіруге кірістік, өндірісті дамытудамыз, оны да көтере алатынымызға сенімдімін! Айран, сүт өнімдері, ашытқан сүт өнімдері – мен үшін бәрі белгілі, ол жағынан қиындық жоқ. Ал айранымыз өте дәмде, жақсы. Бізге өте ұнайды! Біздің асханаға әкеліп қояды,  дәмін татамыз. Күллім зауыт болып (күледі) ішеміз!

 

 

 

Другие истории