Пресс-центр

10/11/2017
Басқа жобалар

Басқа жобалар

БАСҚА ЖОБАЛАР

 

Raimbek компаниясы, Қазақстанның Қызыл Жарты айына, параолимпиада комитетіне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, балалар үйіне және тұрмысы нашар отбасыларына әрдайым көмек көрсетіп тұрады.    

Біздің компания 5 жылдан астам уақыт Алматы қан құю орталығымен жұмыс жасайды. Жыл сайын сырқаттарға қажетті қан тапсыруы қызметкерлердің саны өсуде.

2017 жылдың көктемінде Raimbek компаниясының өнімдері: «Милоко» сүті мен MammaMia макарондары, мыңнан астам адам су тасқынынан зардап шеккен аймақ – Ақтөбеге жөнелтілді. Олардың басым көпшілігі көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар. Оларға біздің қызметкерлер мен «Қолқанат Ақтөбе» арнайы қоры гуманитарлық көмек көрсетті.

Райымбек Баталовтың бастамасымен Алматы хайуанаттар бағын қайта құру жобасы іске қосылды, оны өңдеу жұмысына немістің әйгілі сәулетшісі Питер Разбах қатыстырылды, Бүгінде шеберлік жоспар хайуанаттар бағына өткізіліп, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Осылайша, алматылықтардың жақсы көретін демалыс орны, одан да заманауи, одан да тартымды болып келеді.

 

 

Другие новости