Raimbek компаниясы енді құрылған 1992-ші жылы, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік деген түсінік туралы ешкім естімеген де еді. Көбі үшін «көмек», «қайырымдылық», «демеушілік» деген сөздер ғана таныс болатын. 90-шы жылдар музыканттар, суретшілер, артистер сияқты өнер адамдары үшін ең қиын жылдар болды, олар тақырға отырып қалды. Сол кездің өзінде Raimbek компаниясы өнер адамдарына, мәселен, алғашқы жеке меншік «Рух» галереясына, жас музыканттар Марат Бисенғалиев пен Әмір Тебенихиндерге қол ұшын бере бастады. Сондай-ақ, біз балалар үйлеріне, табысы аз жанұяларға көмектесіп, спортшыларға қолдау көрсетіп отырдық. Ертеректегі жобалардың басым көпшілігі біржолғы еді, ал Raimbek компаниясының дамуымен, жүйелік көзқарасты талап еткен, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік деген түсінік пайда болды.

Біздің қайырымдылық назарымызды сипаттайтын негізгі сөздер – мәдениет, өнер, балалар, жастар, спорт болды. Біз кәсіби операторлар арқылы саналы түрде бірнеше бағыттар бойынша жүріп, жүйелі және кәсіби іске асыратын әлеуметтік жобаларды таңдап, бастамашылық етеміз.Мәселен, біз Enactus Қазақстан деп аталатын жастардың кәсіпкерлік қозғалысын қолдаймыз. Ол нақты нәтижелері бар, түсінікті де айқын саясатты халықаралық ірі желі. Немесе, мәселен, AlmaU – дәріс берумен қатар, демеушілермен өзара әрекеттестіктің озық әдістемелерін енгізіп жүрген, қазақстандық жоғары оқу орындарының ішіндегі бірегейі.
Бірнеше жылдар бойы Raimbek компаниясы, Қазақстан теннис федерациясының "10 жасқа дейінгі теннис" жобасын қаржыландырды. Біздің қаражатымызға 5-тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін, арнайы доптар мен ракеткалар сатып алынды, балалар жаттықтырушылары білім алып, балалар секциялары ашылды. Осы бағдарламаның арқасында, бүгінде барлық Қазақстан бойынша жүздеген балалар тенниспен шұғылдануда. Біз бұл жобаға апробацияланған халықаралық тәжірибенің енгізілу жүйесін көрген соң ғана қатысуға бел байладық.
Біз әуесқой велосипед спортын қолдаймыз. Мәселен, Tourde Kids, Джейран Трофи, Alatau Racing Challenge, «Бартоғай – Асы – Батан» сияқты әуесқой веложарыстарына серіктес және демеуші ретінде бірнеше рет қатыстық, көздері нашар көретін спортшылардың қатысуымен «Спорт без границ» тағы да басқа халықаралық велосипед жарыстарына қолдау көрсеттік.
Бүгінде Raimbek компаниясының КӘЖ стратегиясы мына бағыттар бойынша тоғыстырылған:
- ЖАСТАР
- СПОРТ
- БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ
- МӘДЕНИЕТ
- БАСҚА ДА ЖОБАЛАР
