Олег Ляпин

RaimbekBottlers компаниясының инженер-энергетик маманы
Олег Ляпин

RaimbekBottlers компаниясына келмей тұрып, Сіз қайда жұмыс істедіңіз?

Мен өндірістік барысты механикаландыру және автоматика мамандығы бойынша Мәскеулік жоғарғы оқу орынын бітірдім. Міне, содан бері мамандығым бойынша Ресейде: Смоленскі АЭС-да, Украинада: ірі мұнайгаз компаниясында, Қазақстанда: АММК-да, Алматы газ қызметінде жұмыс істедім. RaimbekBottlersя компаниясына газетке шыққан жарнама бойынша келдім. Кадр бөліміне түйіндемемді тастап кеткенмін, олар мені таңдап алды. Бұл 2005 жылдың қыркүйек айы болатын.  Содан бері осында қызмет істеп жатырмын.

Компанияда Сізді не ұстап отыр?

Менің жұмысым толығымен көңілімнен шығып отыр. Әрине, жауапкершілігі өте жоғары, бірақ менің ұжымым өте жақсы, мамандар керемет. Мен өз қызметімнің қажеттілігін күн сайын сезініп отырамын. Бұл мен үшін өте маңызды.

Өз қызметіңіздің қандай нәтижесін мақтан тұта аласыз?

Біз әріптестермен жаңа технологиялардан назарымызды үзбей,  өндірісімізге қалай орнатса болар екен деп ізденіп, түсінуге тырысамыз. Соңғы жылдары энергетика қызметі біздің компаниямызға айтарлықтай үлес қосты – біз қуат шығынын (су, бу, электроқуат, табиғи газ) елеулі түрде төмендеттік. Мәселен, біз айналымды конденсат жүйесін қолдандық, бұл табиғи газды 14% үнемдеу деген сөз, тиісінше, компанияның шығыны да азаяды. Қазір де алдымызда жаңа міндеттер тұр. Сол себепті де, мен күн сайын жұмысқа қуана-қуана барамын, өйткені мен алдыма қойған міндеттерді шешкеннен қанағаттанамын.  

Әуесіңіз бар ма?

Иә, қолым бос кезде неше түрлі техниканы жөндеп немесе дәнекерлеп жамағанды ұнатамын. Достарыммен балық аулаға барғанды жақсы көремін. Сосын, уақытымның басым бөлігін немерелеріммен өткізуге тырысамын. 

Другие истории