Телман Тышқанбаев

Сәулетші
Телман Тышқанбаев

 «RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ»

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

МЕНІ RAIMBEKКЕ ШАҚЫРҒАН  БАБАЛАРЫМНЫҢ ҚАНЫ

Телман Тышқанбаевтың Raimbek тобында жұмыс істегеніне 23 жыл. Қызметі сәулетші. Келісезіз бе, азық-түлік өнімдерін шығаратын компанияда сәулетші деген қызық бетбұрыс сияқты.

- Телман, бұл қалай болды?

-    Бұл 1993-ші жылы болатын, біздің мемлекетіміз енді ғана құрыла бастаған кез. Мен ол кезде ірі жобалары бар, ірі институт: Қазақтың мемлекеттік құрылыс жоспары институтында жобаның бас сәулетшісі  болып жұмыс істейтінмін. Біз Қазақстан бойынша тапсырыстарды орындайтынбыз. Жоспарлы экономика біржолата күйреген соң, біздің институт та ұсақ кооператив болып шашырап кетті. Сосын мен де кеттім. Ол кезде рынокта жаңадан: «Райымбек», «Бутя», «Акцепт» деген компаниялар пайда болып, даңқтары шығып жатқан уақыт болатын. Міне, сол кезде мені досым  «Райымбекке» шақырды...

«Райымбек» компаниясы өзіне несімен тартты дейсіз бе? Ең басты себебі, тым тебіреніспен айтқандай көрінермін, - бұл бабамның қаны тартқаннан болды! Компанияны құрған адамның Райымбек деген есімінің өзі – бұл 18 ғасырда біздің жерімізді жоңғарлардан қорғаған әйгілі қазақ батырының есімі. Райымбек батыр – Жетісудың нышаны және  менің бабам, менің де шыққан тегім сол кісідей – Албан.

- Raimbek компанясына сәулетші не үшін қажет болды?

- Ол кезде компания электроника сатумен айналысатын. Калинин мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан алғашқы дүкен әлі күнге дейін есімде. Ол әрі кеңсе, әрі қойма да болатын. Ал кез келген үй-жай  - бұл сәулет нысаны(күледі).  Сосын, кез келген сауда компаниясына қоймалар, дүкендер, жалпы жоспарлап, құрылыс жүргізу қашан да қажет қой. Ұйымдастыру үдерісімен тапсырыс беруші қызметі айналысады: мердігер, жобалаушыны іздестіріп, оларды бақылаумен компания иесі айналыспайды ғой. Жобаның жартылай табысты болуы - техникалық тапсырманы сауатты жасау, техникалық бақылау қалай жүргізілді, осының барлығына байланысты. Тағы бір маңызды нәрсе – мұндайда қаржы үнемделеді. Бұл тұрғыда, сәулетшілер өте қажет.

Шығармашылық жұмыс. Мен тұжырымдау кезеңінен бастап, нобайына дейін бақылаймын, жоспарлауына қатысамын. Ал басқа да мамандар: конструктор немесе инженер, мәселен, жылыту бойынша инженер-электршіні тартып, жұмыс жобасын терең өңдеу басталғанда, біз аутсортингіден мамандар іздестіре бастаймыз.

- Raimbek компаниясы 1993 жылы қандай болғаны есіңізде ме?

- Келген кезімде, бизнеспен айналысатын жастарды көрдім. Мен ол кезде 30 жаста болатынмын. Райымбек Баталовтың 20- дан енді ғана асқан шағы. Өмірімде бірінші рет, бастығым  менен кіші болды (күледі).  Десе де, жас болғанына қарамастан, ол аясы тар сәулет мәселелері бойынша таң қаларлық біліктілігін көрсетті. Ол сәулет институтында оқыды ғой, әлі күнге дейін: "Тельман, сәулетші мен сәулетші болып сөйлесейікші..." деп қалжыңдайды.

Мен компанияның негізі мықты екенін, компанияның болашаққа деген ұмтылысы барын  әп сәтте-ақ түсіндім, содан соң осы жерде қалып, жұмыс істегім келді.  

- Raimbek компаниясы басқа қазақстандық компаниялардан несімен ерекше?

-   Біздің компания заманмен қатар жүріп қана қоймай, тіпті бір қадам алға шығып, болашаққа ұмтылып келе жатқанын мен аса қадір тұтамын! Бізде инновациялар өте көп, біз әр жобаны ең табысты әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасаймыз. Ол қашан да солай болатын! Сонау 90-шы жылдардың өзінде, компанияда жалғыз электроника дүкені болғанда, Қазақстанға шет елден жұмыс күшін алғаш әкелген де біз болатынбыз. Бұл  Халық банкі (ол кезде «Сберкасса» деп аталатын) бөлімін қайта құру бойынша жоба болатын. Біз Қытайдан жұмыс күшін, Гонкогтан супервайзерлерді тарттық  – біз үшін олардың тәжірибелері, жылдам әрі сапалы жұмыс істей білулері, жаңа технологияларды қолданулары маңызды еді. Кез келген мысал келтіруге болады, көрнектісін айта кетейін: мәселен, бұрындары банкі терезелерінде темір торлар болатын. Ал біз, сол тоқсаныншы жылдардың өзінде, оққа да, балғаға да берілмейтін соққыға қарсы терезелерді қолдана бастадық...

Немесе жаңа кеңсе салғанымыз туралы оқиғаға тоқталайық. Біз кеңсе етіп қайта салуды ұйғарған Шевченко мен Мәуленов көшелерінің қиылысында орналасқан, екі қабатты үй болатын. Ол жерде де шет елдік бригада жұмыс жасады. Бізді таң қалдырғаны: таңертең жұмысшылар нысанға келгенде, тек тақыр қабырғалар ғана болады. Жұмыс уақыты аяқталғанда, қабырғаның орнында толық салынған нысан бой көтеріп тұратын. Адам айтқыссыз жылдамдық, еңбекқорлық! Әрине, мысалы құрылыс стандарттары бойынша түсінбеушіліктер де орын алды, міне, тапсырыс қызметі дәл осындай сәттерді реттеумен айналысады.

Шет елдік компаниялармен бірігіп жұмыс істеу тәжірибесі  одан кейін сізге өз пайдасын тигізді ме? 

- О не дегеніңіз! 2007 жылы Райымбек Баталов «Алматы бағы» деген аты бар, жеміс сүрлеу комбинаты ауданын қайта салып, өршіл құрылыс жобасын іске асырмақ болды. Бұл 40 га-дан астам жерде: тұрғын үйлер, қонақ үйлер, сауда орталықтары, оған қоса, мектептер мен бала-бақшалар да ескерілген, барлық инфрақұрылымы бар көп қызметті кешен болады деп жоспарланған еді. Жобада тек бір тұрғын үйдің өзі 840 мың. ш. м. болмады деп жоспарланған. Кешен Жандосов көшесінің жоғары және төменгі жағынан, ортасынан  өтпелі көпірмен байланыстырылып салынады деп белгіленген. Аса күрделі, мол инвестициялы болатын.   Біз арнайы Гонконгке де бардық, ол жақта нобайын жасаттық. Бизнес-жоспар, мастер-жоспар жасалды, ақыры сонымен бәрі бітті. Өкінішке орай, 2008-ші жылғы дағдарыс, бұл жобаны  тоқтатуға мәжбүр етті. 

- Өте өкінішті...

- Иә, мұндай жобаны тоқтату өте өкінішті-ақ. Десе де, біз ең бастысы - Raimbek компаниясын тоқтатқан жоқпыз, әлі де болашаққа құлшына түсудеміз. 2015 жылы Райымбек Баталовтың арқасында, Қазақстанда алғаш рет Saint-Gobain компаниясының ұйымдастыруымен, студенттердің халықаралық сәулетшілер байқауы өткізілді. Бұл сәулетшілер арасында өткізілетін айтулы байқау. Оған елуден астам ел өкілдері қатысады, ал командаларға берілген тапсырма, тиімді қуат күші технологияларын қолдана отырып, «ЭКСПО 2017»  тұрғын үй кешенін дайындау болды. Мен байқауды ұйымдастырушылардың бірі болдым, кейін мені халықаралық қазылар алқасына төрешілік етуге шақырды. Мұндай жұмыс тәжірибесі және әр елден жиналған әріптестермен қарым-қатынас жасау, көп нәрсе береді.

Мысалы, соңғы екі жыл бойы Алматы хайуанаттар бағының мастер-жобасын біз неміс сәулетшісі Питер Разбахпен бірігіп жасадық. Бқл ерекше жұмыс болды, мен бұрын соңды хайуанаттар бағының жоспарын жасаған емес едім! Немесе, сол сияқты, қазір біз Алматы тауының бөктеріндегі велобағдар мен веломектеп құрылысының жобасын жасап жатырмыз. Экологиялық туризмді дамыту, біздің қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру - бұл компанияның тағы бір әлеуметтік бастамасы. Компанияның біз бен сіз сияқты қарапайым тұрғындар қолдана алатындай етіп бейімделіп салып жатқаны маған өте ұнайды.

- Сіздің пікіріңізше, Raimbek компаниясының басты жетістіктері неде?

 - Қазір холдингіде компания ашылғаннан бастап жұмыс істеп келе жатқан адамдар аз емес. Raimbek бұл ұйытқысын бағалап, баптап ұстап отыр. Бұл өте маңызды. Құрылысшы ретінде мен компанияда сол қызметкерлерден тұратын негіз, іргетас мықты қаланған деп айта аламын.

-   Енді 25 жылдан соң Raimbek компаниясы қандай болады деп ойлайсыз?

- Мен басында Saint-Gobain компаниясы туралы айтып кеткен болатынмын. Өткен жылы олар да мемрейтойларын атап өтті, бірақ олар 25 емес, 350 жылдықтарын атады!  Сол кезде олар өз мерейтойларында   "Болашаққа сеніммен қараудың 350 себебі бар" деген ұранды қолданған.

Меніңше, Raimbek компаниясының болашағы барына 25 емес, бақандай 250 себеп бар сияқты. Оның барлығы, негізі мен арқауының беріктігінен. Әрине, сонымен бірге, бірінші басшымыздың ерекше дарындылығының арқасында. Райымбек Баталов – мейірімді, әділетті, ерекше адам. Бекерден бекер наразылық білдіргенін ешқашан көрген емеспін.   Оның тағы бір әдеті бар – қызметкерлерін туған күн мерекелерімен құттықтауды ешқашан ұмытпайды. Өзі хабарласады. Онда тұрған ештеңе жоқ болғанымен, жанға жайлы. Біздің кеңседе де, өндірісте де демократиялық қарым-қатынас сақталған, төрешілдік жоқ. Егер сен жоғары санаттағы басшыға жұмыс бабымен келсең, сенімен өз теңіндей сөйлесе береді. Біздегі ахуал өте жайлы. Бұл деген керемет емес пе?!

 

 

Другие истории