Валерий Людва

Raimbek Bottlers өндірістік басқару басшысы
Валерий Людва

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

 «МАҒАН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚЫЗЫҚ

Валерий Людва - Raimbek компаниясы үшін баға жетпес адам. Ол Raimbek Bottlers өндірістік басқару басшысы, ол компанияның барлық зауыттарын ашуға қатысқан, Raimbek кәсіпорнындағы жабдықтардың  100% жұмыс істеп тұруына басымен жауап беретін және өнімдердің барлығын дерлік жасап шығаруға қатысқан, қатысып та жүрген жан. 

- Валерий Алексеевич, сіз Raimbekке қалай келдіңіз?

- Менің барлық еңбекті өмірім – бұл сусындар өндіру. Мен 1974 жылы алматылық сыра алкогольсіз ішімдіктер бірлестігіне келдім. Балалық шақтың арманы орындалды деуге болады – мен ауан-мынау емес, бақандай лимонад цехына келдім! Одан соң,  "Пепси-Kола" зауыты болды, ал  1998 жылы сол кезде сатуға қойылған өндіріс алаңын қарауға сарапшы ретінде шақырды. Ол кезде мен, дәл сол алаң он жыл бойы менің жұмыс орным болатынын білмеп едім. Осы жеміс сүрлеу зауытында пакеттелген өнім өндіретін желі қондырылған болатын.

1998 жылдың мамыр айында біз Раймыбек Баталов және Ерлан Шынтөринмен бірге, болашақ зауыттың аймағын алғашқы рет көрген едік. Маусым айында ЖШС "RaimbekBottlers" құрылды және тіркелді. Алты айдың ішінде жабдықтарды әкеліп, құрастырдық та, сол жылдың желтоқсан айында зарарсыздандырылу сынақтамасына тұрдық.

- Raimbek  компаниясы шырындарының нақты туған күні бар болғаны ғой?

- Әрине! 1998 жылдың 30 желтоқсан айы– өнімнің туған күні, нарыққа Juicy сауда белгісімен шыққан  шырындардың алғашқы сабы. Бұл жоба табысты болды, болып та келеді– екі жылдан соң, 2000 жылы Қазақстандағы шырындық өнімдер өндіру мен сату көлемі бойынша алғы шепке жеттік. 

Ең алғашқы рет, алма, апельсин және қызанақ шырындарын құйдық. Кейін, қаптамалардың жаңа үлгілері шығып, үш жылдан соң, біз тағы екі өндірістік сап сатып алдық. Сол кезде бізде құрамында шырыны бар Palma сусыны пайда болды– ол да өз сегментінде жетекші орында. Сонымен қатар, біз қаптамасы 0,2 литрлік өнімнің өндірісін іске қостық.  

- Өндірісті іске қосу қаншалықты қиын болды?   

- Ол кезде біз үшін бұл мүлде жаңа жоба болатын. Сусындар өндіру жұмысындағы тәжірибемнің ұзақ болғанына қарамастан, бұл мен үшін де тым мағызды нәрселер еді. Біз құрған асептикалық өндіріс, кеңестер кезінде істеген жұмыстарымыздан әлде қайда ерекше болды.

Мұнда барлығы да өнімнің сапасына байланысты. Бұл жерде барлығын өндіріс үдерісі кезіндегі мінсіз тазалық, дайын шырындарды, сүттерді пакеттерге құяр алдындағы қаптама материалдарының мінсіз тазалығы шешеді.

Бірақ, ісіміз алға басып кетті. Көп ұзамай, төртінші сап та сатып алынды, біз өндіріс алаңдарын кеңейте түстік, өндіріс көлемін кеңейттік. Елімізде алғашқы болып, тұтынушыларға жап-жаңа қаптаманы ұсындық. Содан бері қадірімізді түсірмей, тұтынушылар қолдарына шырын құйылған пакетті ұстай салысымен, ұстауға ыңғайлы, ашылуы тез, сақталуы берік болуын қадағалап келеміз. Біз қаптама сатып алушылардың қолына өз тілімізде айтқанда, «жата қалатындай»  болсын деп, тырысып бақтық.

- «Біз», «команда» - деп астын сызып айтады екенсіз...

- Иә, бұл ұжымдық еңбек қой! Біз мамандармен, кезінде ескірген, сонау кеңестік кездегі өндіріс желілерімен жұмыс істеп бастағанбыз. Бұрынғы жеміс сүрлеу зауытының мамандары, ұйытқысы. Олар бұрыннан шыныққан нағыз мамандар болатын, біз олардан көп нәрсе үйреніп, дайындықтан өттік. Содан соң, бірігіп, бүгінде "RaimbekBottlers" компаниясында табысты еңбек атқарып келе жатқан өндіріс мамандарының командасын бірігіп отырып өсірдік.

Уақыт өзгереді, нарық өзгереді, тұтынушылардың сұранысы да өзгереді... Міне, мәселен, 2 литрлік қаптама үлгісі – бұл желі Қазақстанда, тіпті бұрынғы Одақтың өзінде де алғашқы болып  шықты. Ал әлем бойынша –бұл TetraPak желісі үшінші немесе төртінші болатын.  Біз үшін жұмыс – бұл тек алға қарай қозғалу. Онда да, қызықты, заманауи, нарықта талап етілетін өнімдердің үлгілерімен.

- Компаниядағы өзіңіз қол жеткізген жетістіктеріңіздің қайсысын мақтан тұта аласыз?

- Мен бұл жерде жұмыс істеп жүргеніме 20 жылға жақын уақыт болды және де дайындап, оны іске асырып, өндірістік жобалардың барлығының басында болғанымды мақтан тұтып, ауыз толтырып айта аламын. Бұл Алматыдағы шырындардың да, сүттердің де өндірісі болатын. ҚХР-ғы  шырын зауытын іске қосуына да мен белсенді жұмыс жасадым.

Бұл жобалар табысты болуы үшін айтарлықтай көп білім бергенімді мақтан тұтамын. Әрине, белгілі бір қиындықтар, ауыртпашылықтар болғаны да бар, өйткені, бағыттардың өзі әр түрлі болды:егер қытайлық жобаны айтсақ,  шырындар, сүттер, сусындар басқа елде болды.

Біз бір жерде тұрып қалған жоқпыз. Биылғы жылы жаңалықпен жарып шығуды жоспарлап отырмыз,  біздің өнімдеріміздің ассортименті айтарлықтай кеңейіп, мүлде басқа қаптамада, мүлде басқа басқа үлгіде жарық көрмек. Бұл нарық үшін жаңалық болмақ. 

Маған жұмыс істеу қызық! Біз жаңа өнімдер жасауда бір жерде тұрмаймыз, біз қашан да небір жаңа жобалар іздестіріп, үлгілердің өзгеру бағытына қарай алға басып келеміз. Бүгінгі таңда дайындауына барлығымыз қатысып жүрген, әлі іске аспаған идеялар көп. Raimbek компаниясында жұмыс істейтін мамандардың барлығы дерлік, әдетте,  2-3 жоьаны қатар алып жүреді. Сондықтан, іш пысуға мүмкіндік жоқ!

- Сіздің ойыңызша, компанияның табыс сыры неде?

- Біздің табыс сырымыз – бұл келешек үшін тиімді жұмыс істейтін бағыттарды компания басшылығының байыпты зерттей білуі. Жобалардың барлығы дерлік іске асып жатқан жоқ, бірақ, бұл өмір, бұл қалыпты нәрсе... Біздің компанияның артықшылығы, толассыз қозғалыста болуында деп ойлаймын. Әрдайым жаңа идеялар, жаңа жобалар іздеу, күн сайын жаңа өмір. Өндіріске кіріскендер санатындағы адамдардың, мен айтар едім, енді басқа амалы да жоқ! Тек сонда ғана қалу. Өндіріске келгендер, сол жерде өмірбақи қалады десе де болады!

- Raimbek компаниясы 25 жылдан соң қандай болады?

- 25 жылдан соң... Өндірістік жағынан аса дамыған компания болады деп ойлаймын. Өйткені бүгіннің өзінде жақын  келешгі 5-10 жылда жұмыс істейтін жаңа жобалар қарастырылып, терең  саналып жатыр. Бұл өте маңызды, күрделі, бірақ өте-мөте қызықты жобалар. Бұл біздің болашағымыз.  25 жылдан соң компанияның отандық шикізаттан өндірілетін, бағыты сан алуан, кем дегенде он зауыты болады деп ойлаймын.

Біздің компания бизнестің тағамдық бағдарын таңдағаны маңызды болып отыр. Әр түрлі он шақты бағдарды таңдап, жеңіліп қалу мүмкін, бірақ, тағамдыққа келсек, жеңілу мүмкін емес деуге әбден болады. Адам баласы, қайткенде де, күніне үш мәрте тамақтанады. Ал біз қанашан да жандарынан табыламыз, қашан да өзіміздің сапасы жоғары өнімдерімізді ұсынып отырамыз.

Біздің компанияның болашағы беделді болады деп ойлаймын.  Және де, 25 жылдан соң жұмыс істейтіндерге, менен жалынды сәлем!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие истории