Сергей Полухин

Raimbek компаниясының басқарушы серікстесі және тағамдық дивизионының бас директоры
Сергей Полухин

"RAIMBEKТІҢ АДАМДАРЫ

Компанияның 25 жылдығына арналған Raimbek қызметкерлері берген сұхбаттар  топтамасы.

ЕҢ ҚИЫНЫАДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ ҚОЛЫНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕТІНДІГІН  СЕНДІРЕ БІЛУ!

Сергей Полухин - Raimbek компаниясының басқарушы серікстесі және тағамдық дивизионының бас директоры. Холдингінің негізін салушылардың бірі, компанияның жекеменшік сауда белгілері Juicy мен  «Айналайыннан» бастап, «Петрович» пен MammaMia-ға дейін нарыққа шығарып, жетілдіруге белсенді үлес қосқан.

 - Сергей, сіз Raimbek компаниясы құрылғаннан бері қызметтесіз. 25 жыл ішінде бизнесті егжей-тегжейлі түсінуге болады...  Сіздің ойыңызша, кез келген бизнес-жобаның өміршең болуының бас ықпалы неде?

- Ең алдымен ұйытқы болу керек. Бірін-бірі түсініп, қолдап және алға тартатын мүдделес компания қажет. Екінші ықпал – бұл компанияның философиясы болып табылатын моральды, адамгершілікті қағидаттар. Егер бұл ықпалдар жарасса, компания ұзақ әрі бақытты ғұмыр сүреді деген сөз. Әлбетте, оның шарықтап, құлдырайтын сәттері де болады, десе де, бұл ұзақ мерзімді өміршеңдіктің кепілі болып саналады. Нағыз толыққанды өміршеңдіктің десе де болады.

- Қазір сіз моральдық қағидаттықты айтып отырсыз, ал шын мәнінде, қоғамда  бизнес пен моральдық қағидаттар арасында өзара байланыс болуы мүмкін емес деген түсінік қалыптасқан

- Қоғамдық сана қалыптасқаны рас. Бірақ шын мәнінде, кез келген қалыпты бизнес моральдық және адамгершілік қағидаттан тұрады. Біз басынан-ақ, алғашқы күннен бастап, салық төлейтін, заңды сақтайтын  айқын, «әппақ» компания болатынбыз. Біз айла-амалдар жасау үшін ешқашан да қосымша табыс тауып немесе қосымша бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізумен айналысқан емеспіз. Кей кездері біз басқа компаниялардан қалыс қалып, олардың сол сәттері бәсекелестік артықшылықта болғанымен, кейін сол компаниялар із-түссіз жоғалып кеткен талай жағдайларды да бастан кешірдік. Ал біз болсақ, тек алға ұмтылумен болдық. Адалдық, ашықтық және адамгершілік – бұл тек адам баласы үшін ғана емес, бизнес үшін де аса маңзды қсиеттер.

-  Компанияға қалай келгеніңіз есіңізде ме?

-Есімде болғанда қалай. Мен "Акцепт" компаниясында жұмыс істеп жүргенмін, дәл сол жерде Райымбекті кездестірдім (Баталов, автордың ескертпесі), біз бір мектепте оқығанбыз. Ол менен:«Сен мұнда не істеп жүрсің? Маған жұмыс істеуге келсеңші!», - деді.  Мен өте жас едім, содан да болар, мені жаңа сынақтардан өту қызықтыратын. Содан, 1993 жылы Raimbek компаниясына келдім.

Сіз нақты немен айналыстыңыз?

-  Маркетингпен. Мен журналистика факультетінде оқып жүргенмін, әрине, сол себепті  керемет жарнамалаушы әрі маркетолог болып саналдым.(күледі)

 -Яғни, кеңсе техникасын сатумен айналысуды шығарып жүрген сіз екенсіз ғой?

- Бастапқыда бұл қай бағытта дамимыз деген идеясы болатын (Баталовтың). 90-шы жылдардағы басқалары сияқты, біздің компания да ізденісте болды. Міндет-мақсаттарымыз қандай болатынын айқындайтын түсінігіміз болмады. Біз пайдасы мен кірісін әкелетін жұмыстармен ғана айналыстық… Мақсатымыз да, мұратымыз да қаржы тауып, одан әрі дами түсетін, мықты компания құру еді. Ал бизнесті жүйелі түрде жүргізіп, нақты тауашаға қол жеткізіп, әрі соған бет алу туралы түсінушілік кейін ғана келді.

- Делдалдықтан өндіріске өту компания үшін қалай болды? Бұл дегеніңіз бинес үшін мүлде басқа тәсіл, тіпті басқа философия ғой... 

- Компания да адам сияқты,  жасы келген сайын тәжірибесі өсіп, ақылы кіре бастайды. Жұмыс істеп, жан-жағымызға қарайлай жүріп, кейбір нәрселерге көз жеткізе бастадық. Делдалдықпен айналысу жақсы әрі қызық екенін түсіндік, бірақ келешекке көз жүгіртіп, тұғыры мықты бизнес құру үшін, келе-келе өндіріске көшу керектігін білдік.

Бірақ өндіріс дегенімізбұл мүлде басқа жобалар, бұл кірісті ұзақ уақыт күту деген сөз ғой. Өтелімділік қалай болары да белгісіз...

- Біз қатты қорқтық! Өте қорқынышты болды, түсініксіз болды, осыншама қаржыны бұл іске салуға бола ма деп сескендік. Орны тола ма – толмай ма? Есіңізде болса, Қазақстанда шырындар рыногы болмаған, барлығы "Юппи" ішетін. UHT-сүтінің жағдайы да сондай еді – ұзақ мерзім сақталатын сүт жоқ, тек қана пастерленген сүт қана болатын.

Екі бірдей зауытты ашуға бел байлауда бізге көп көмек көрсеткен серіктестеріміз болды. Олар  басқа да рыноктарға апарып, көрсетіп, бізге – сендер дамып келе жатқан елсіңдер, ерте ме, кеш пе бәрібір тәуекел етуге тура келеді деп құлағымызға құйды. Ақыры осы жобаларды іске асыру үшін біз табандылық танытып, батылдық көрсете алдық...

-  Бізге сұхбат бергендердің көбі, Raimbek компаниясының басқалардан – тәуекелге бел байлап, тәжірибе жасаудан тайынбауымен ерекшеленеді деп санайды. Сіз олармен келісесіз бе?

-  Меніңше, өмір бойы алдынан сәтсіздіктердің шығатынын түсінетін, біле тұра одан қорқпайтын адамды - табысты бизнестің иесі деуге болады. Ең бастысы – сен содан сабақ ала аласың ба? Алдында жүзеге аспаған істерің келесі жолы сәтті әрі табысты болу үшін, өз қателіктеріңді түсіне аласың ба, өз тәсілдеріңді жетілдіре аласың ба?

Әрине, бұл жерде түпкі нәтиже маңызды. Бизнес иесі – мезгілімен ақшасынан айырылып тұратын адам екені белгілі, ондай жағдайлар болады. Бірақ, ол ақыр соңында барлығы жақсы болу үшін, не істеу керектігін де түсінеді. Ал ақшасынан айырылып қаламын деп қорқатын, тәуекелге бел бумайтын адамдар, ешқашан да табысты кәсіпкер бола алмайды. Өйткені ондайлар жауапкершіліктен қорқады. Жауапкершілікті өз қолына алып, оған берік болу – өте маңызды қасиет. Сен ұйқыдан қалуың мүмкін, күлкіден қалуың мүмкін, торығуың ықтимал, бірақ, мұның барлығын қасыңдағыларға білдіруге қақың жоқ. Сен өз-өзіңе сенімді болып, өзіңді де, өзгені де қолдауға тиіссің. Сосын, тек алға ғана бет алуың керек!

- Сіз мақсат, көрегендік туралы айтып отырсыз. Ал әдеттен тыс шапшаңдап кеткен бүгінгі заманда ұзақ мерзімді мақсатты қалай құруға болады? Уақыт талабына сай боламын деп өз мүддеңнен айырылып қалмаудың қандай жолы бар?

- Біріншіден, қазіргі заманға бейімделуді үйрену керек. Егер осыдан 200 жыл бұрын адамдар қалай өмір сүргенін елестетсек, мысалы, Америкаға жету үшін үш жылдай өмірің кетер еді. Жолға жиналып шықтың делік. Ол жаққа жетіп, бірнеше күн болып, үйіңе қайта оралғанша – үш жыл да өте шығады. Өмір жылдамдығы сондай болатын. Ал қазір Америкаға үш күн ішінде барып – келуге болады. Бір күн жолыңа кетеді, бір күн ішінде шаруаларыңды бітіресің, қалған тағы бір күн қайтар жолыңа қалады. Яғни, өмір шапшаңдығы деп отырғаным осы!  Меніңше, біз осыған дайын болуымыз керек.

Біз ақпараттар дәуірінде тұрып жатырмыз. Ертең қандай іспен айналысатыныңды болжау үшін, бүгін дұрыс ақпарат жинап, оны жақсылап сараптап, одан әрі бір қорытынды жасауың керек. Сосын, басқалар ертең ғана жететін жерге, сен бүгін келіп алуға тиіссің.

- Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Raimbek компаниясы 25 жыл ішінде қаншалықты өзгерді?

- Әрине, көп өзгеріс болды. 25 жыл бұрын барлығымыз да кенттен, естігендерімізбен, алдын ала сезінумен ғана жұмыс істедік. Қазір де көкейкөздік маңызды фактор болып қалады, десе де, ақпараттар мен деректерге сүйенуге тиіссің. Сараптамамен жұмыс істей білуің керек.

Тағы айтайын дегенім, 25 жыл бұрын адамдар тәулік бойы жұмыс істеуге дайын болатын! Демалыс туралы ойларына кіріп те шықпайтын. Қазіргі кезде, ұжымда дұрыс ахуал сақтап қалу үшін, адамдарға артық жұмыс істетпей, олардың демалуын, олардың өмір сапасы мен жағдайы қажетті стандарттарға сай болуын қадағалап, соған қол жеткізуге міндеттісің. Сонда ғана олардан қажетті нәтиже күте аласың.

25 жыл бұрын Raimbek компаниясы кеңестік ұйым мен жүректері лаулап тұрған жас ұрпақтың буданы болатын. Барлығы да түсінікті еді. Кеңестің өткен шағы мен коммерциялық болашақ арасында күрес жүріп жататын. Әркімнің өз көрінісі, өз түсінігі болды. Жастарға біліктілік, икем, тәжірибе жетпегені де анық. Аға буындыларда мұның барлығы асып-тасып жатқанымен, болашақ туралы түсініктері жоқ еді.

Қазір біздің компания айтарлықтай біркелкі болды. Біз бір негіздейміз, бұрынғыдан тұрақты, бұрынғыдан жинақы болдық. Десе де, соған қарамастан, үзіліссіз даму үстіндеміз. Бар айырмашылық осында ғана деп ойлаймын.

- Осы жылдар ішінде сіздер нарыққа жаңа өнімдер мен жаңа сауда белгілерін көптеп шығардыңыздар.  Көбінде «нысанаға» дөп түстіңіздер. Жығылған сәттеріңіз де болған шығар.  Зая кеткен күш-жігерлеріңізге өкінбейсіздер ме? Өнім де бала сияқты ғой – туасың, аяқтандырасың, оқытасың, ал ол – өзінше өмір сүре алмайды!

- Ескі мәтел бар: егер ісің оңды болса, ақша табасың, ал егер ойлағандай шықпаса, тәжірибе аласың, дейді. Мен үшін көп жағдайда, тәжірибе ақшамен тең. Өйткені, сен келесі жолы бұл тәжірибені табыс кілтіне қол жеткізу үшін қолдана аласың. Сосын, өткен қателіктеріңді, алдыңнан қашан да шыға келетін басқа да күтпеген жағдайларды ескере отырып, келесі қадамыңда табысты жаққа басатын боласың.

Адамдар тәжірибенің құнын бағаламайды, өйткені табыстан бастары айналады да, көп нәрсеге менсінбей қарайтын болады.  Ал ерні күйген үрлеп ішеді демекші, егер сен күйіп, намыстанып, қолыңдағыңнан айырылып, өмірден таяқ жесең, онда сен тәубеңе келіп, , бұл неден болды, мен қай жерде қателік жібердім, қалай қателіктерімді түзесем, қалай жақсарсам, деп өз-өзіңе сұрақ қоясың, ойланасың.  Меніңше, бұл адам баласы өмір барысында бірнеше рет қайталауға тиісті жақсы жаттығу сияқты. 

- Қызметкерлер мұндай жаттығу жасау үшін, оларға компания ішінде сондай ахуал жасау керек қой...

-  Дәл солай. Әрине, тәртіп  болған өте маңызды, бірақ меніңше, адамдарды бірдеңе істеуге талпыныс жасағаны үшін жазалауға болмайды. Тек әдейі қастықпен тәртіп бүлдіргені үшін ғана жазалауға болады. Ал егер сен адамның тырысып, қажетті мөлшерде уақыт бөліп, жан-тәнімен беріле жұмыс істеп, тырысқанына қарамастан, іс оңтайлы болмағанын көрсең, онда отырып, неге іске аспағандығын, неге бұлай болғанын  байыппен талдауың керек. Содан нәтиже шығарып, жұмысты жалғастыра беру керек. Ынта білдіргені үшін ешқашан да жазалауға болмайды, өйткені ынтасыз инновация  болмайды, болашақ жоқ! Ал компания саңылақтардан тұрады.

Қазіргі таңда тұтынушыларға шығарып жатқан тауарлар мен қызметтер әрине болады, бірақ, олар қашан да ескіру барысында екенін түсіне білу керек. Сосын да, уақыт келе одан түсетін пайда да азая бастайды. Ал егер де бүгінгі таңда қаржы әкелуі екі талай болғанымен,, он жылдан соң саған 80% түсім әкелетіндей инновацияның тірегін дамытпасаң, онда компанияның болашағы жоқ деген сөз.

- Бүгінде Raimbek компаниясы қолданып отырған басқару тәсілдері қаншалықты инновациялық?

- Менің ұстанымым, біз батыстың корпоративті әлемінде орын алып отырған ең табысты үлгілерге барынша қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Мәселен, Procter&Gamble, Pepsico, компаниялары бар, егер де біз олардың бизнес-үдерісін, басқару шешімдерін дұрыс бейімдеуге үйренсек, мұның өзі керемет болар еді.

Мен, біздің компания үшін, қазір қолданып отырған басқару тәсілі ұтымды деп санаймын.

Қашан да бизнестің көлеміне назар аудару керек: бизнес неғұрлым ірі әрі күрделі болған сайын, басқару тәсілі де соғұрлым құрылымдалған болу керек. Бұл жерде ең бастысы артық қылмау.  Біз министрлік емеспіз ғой, бізге асқан бюрократиялық топтар құру тек залалын тигізуі мүмкін. Ең алдымен, бұл шешім қабылдау жылдамдығына, өнімдерді рынокқа шығаруға  кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті, біз бюрократиялыққа берулі мен  икемділік арасында теңгерім сақтай білуіміз керек.

Қызметкерлерді қандай белгісіне қарап жұмысқа аласыздар? Олардың қандай қасиеттеріне назар аударасыздар?

-  Ең алдымен ол қызметтестерін сыйлай білетін, қарамағындағыларды тәрбиелей алатын, жақсы, адамгершілігі мол, жанжалқой емес адам болуы керек. Бұл өте маңызды, медальдың екінші жағы. Сондай-ақ, адам ісін жетік білетін өз ісінің кәсіпқой маманы болу керек. Докторлық дәрежесінің болуы міндетті емес. Бірақ жауап беруге тиісті пәнді өте жақсы білгені қажет.

Адамдарды қалай ынталандырасыздар?

- Жақында зерттеу жасап, кез келген қызметкерді ынталандырып, уәждейтін – оның өз жұмысына деген сүйіспеншілігі мен оны түсіне білуінде екендігін анықтапты. Егер сүйіспеншілігі болса, қызметкер жемісті және нәтижелі жұмыс істейтін көрінеді. Және аянбайды екен. Егер бұл қасиеті болмаса, сен не істесең де, қуғын-сүргінге салсаң да, ынталандырсаң да, ештеңе көмектеспейді! Менің түсінігімше, адам өз жұмысын жақсы көру керек, атқарып жатқан қызметі оған ләззат сыйлап, сосын әрине, материалдық игіліктер де әкелуі керек.

Сіздің өзіңізді не ынталандырады?

- Мен адамдармен жұмыс істегенді жақсы көремін, кей кездері түсініксіз, кей кездері мүмкін емес сияқты алдыма мақсаттар қойғанды жақсы көремін... Ал оларға қол жеткізу, мен үшін Эверестің шыңына көтерілгенмен тең! Яғни, биік шыңға көтеріліп, мұратыңа қол жеткізгенде шаттыққа бөлену деген сөз. Бұл менің өз жұмысыма деген сүйіспеншілігім.

- Raimbek  компаниясының табысына қосқан  жеке үлесіңізді бағалай аласыз ба?

- Біз Ерлан Шинтуринов екеуміз өзіміздің соңғы 20 жылымызды FMCG-ке арнадық және «компанияның сусындарын сату» тұғырнамасын құрдық. Соған тиісті, уақыт өте, шырындар да, сүттер де, алкоголь ішімдіктері мен су да кіретін портфель құрдық. Біз енді осы бағытта компанияны дамытуды жалғастырудамыз. Ол тұрақты, ол даму үстінде, біз пайда болған жерде, барлық сараланымдар бойынша алдыңғы қатардағы жайғасымда орын алып келеміз.

Сіздердің жұмыстарыңызда ең қиыны не?

-  Білесіз бе, біз жыл сайын өзіміздің барлық серіктестеріміз үшін жиналыс өткіземіз. Барлығы жыл сайын қайталанып отырады. Алдарына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойғанда, адамдар: «Былтыр болғанның барлығы – тіпті оңай болды! Ал келесі жылы атқаратын істеріміз сұмдық-қой! Бұл қиын, тіпті таза азап қой!», - дейді. (күледі).

Ең қиыны – адамдарды еліміздегі экономикалық жағдайды жеңе аламыз, алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз деп сендіру. Және де, біз қажетті нәтижелерге жете аламыз

Другие истории